ФЭТ кафедрасында физиканы жақсы білетін үздік бірінші курс студенттері анықталды

ФЭТ кафедрасында физиканы жақсы білетін үздік бірінші курс студенттері анықталды


24.09.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-дің Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар институтының физика және электротехника кафедрасында бірінші курс студенттерін физиканың қызықты әлемімен таныстыру, сондай-ақ білім, идеялар алмасу және ғылыми қызығушылықтарды дамытуға арналған іс-шаралар өтті.

Іс-шара бағдарламасында: физикалық процестерді зерттеуге арналған заманауи зертханалық қондырғылардың көрсетілімі, «Не? Қайда? Қашан?» викторинасы және ғылыми ойлау мен командалық рухты дамытуға бағытталған «Who is faster?» интеллектуалдық ойыны, сондай-ақ физикалық құбылыстарды зерттеуге арналған брейн-ринг болды.

Қызықты іс-шараның қорытындысы бойынша ФЭТ кафедрасының конкурстық комиссиясы келесі белсенді студенттерді марапаттауға ұсынды:

1-орын:

Қалмаз Асхат, ЭЭк-24-1

2-орын:

Айнабеков Алихан Серикович, СИк-24-1

3-орын:

Сыдыкаев Дамир Дауренович, СИ-24-2

Назаров Ильдар Талипжанович, СИ-24-2

Жігіттерді құттықтаймыз және оларға жаңа жеңістерді тілейміз!

ENERGO UNIVERSITY