Вирус ешқайда кеткен жоқ, ол біздің жанымызда жүр - Сағынтаев

Вирус ешқайда кеткен жоқ, ол біздің жанымызда жүр - Сағынтаев

17.09.2020 Барлық жаңалықтар


«Алдымызда күз келеді. Ал, қыста ЖРВИ мен тұмауымыз тағы бар. Ендеше, біздің коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатқанымыз тегін емес. Барлығы тынышталды деп келген елдерде адамдар вирусты көктемдегіден де көп жұқтыруда. Бізге де соны күтуге тура келеді. Вирус ешқайда кеткен жоқ, ол біздің жанымызда жүр. Барынша сақтанып, эпидқызметтің барлық талаптарын орындауымыз керек» деді Сағынтаев.

Айта кетейік, қыркүйек айы басталғанан бері ауру жұқтыру көрсеткіші төмендеді. Мәселен 9 қыркүйек күні – 11 науқас, сосын 9, 8, 6-ға дейін азайды. 11 қыркүйек күні инфекцияны жұқтырған бір де бір адам тіркелген жоқ. 14 қыркүйек күні екі адамнан анықталды, кеше бір адамнан шықты.

Ал, 16 қыркүйектегі мәлімет бойынша, КВИ жұқтырудың 14 325 оқиғасы тіркелген, 13 941 адам (97,3%) емделіп шықты. Қауіпті кеселден 270 адам көз жұмды.

https://turantimes.kz/qogam/19602-koronavirusty-eknsh-tolyny-ashan-bastalady.html сайтынан алынған