Бірінші курстар онкүндігі

Бірінші курстар онкүндігі

24.09.2020 Барлық жаңалықтар


Құрметті бірінші курс студенттері,

24 қыркүйекте Бірінші курс студенттерінің жыл сайынғы дәстүрлі онкүндігі басталады, оған міндетті түрде қатысуыңыз қажет!

Бірінші курс студенттерінің онкүндігі – бұл университеттің барлық жаңа студенттері үшін ең ауқымды іс-шара, онда Сізге зияткерлік, шығармашылық, спорттық бағыттарда жарқырау, өзіңізді және өз әлеуетіңізді көрсету мүмкіндігі беріледі.

Онкүндік аясында Сіз университетпен, институттармен, кітапханамен, оқытушылармен таныса аласыз. Онкүндік - бұл бірінші курс студенттеріне жаңа ортаға тез бейімделуге көмектесетін жақсы дәстүр.

Өз күшіңізді сынап көре алатын іс-шаралар тізіміне үңіліңіз және қатысыңыз:

* Математика пәні бойынша "Кіріспе олимпиадасы". Толық ақпарат: 87075145960, Байсалова Мәншүк Жұмамұратқызы

* Абайдың 175 жылдығына арналған  "Өлең-сөздің патшасы" атты 3 тілде мәнерлеп оқу Онлайн-байқауы. Толық ақпарат: +77073646006, Ахметова Эльмира Тұрсынқызы. +77073099564, Е. У. Ембердиев

* Абайдың 175 жылдығына арналған  "Абайдың сөз өрнегі" 3 тілде мәнерлеп оқу Онлайн-байқауы. Толық ақпарат: + 77015846317, Арыстанғалиева Динара Әміржанқызы, +77013447734, Дайшкалиева Ұлдай Жалғасқызы

* Абайдың 175 жылдығына арналған , «Жүрегімнің түбіне терең бойла» 3 тілде мәнерлеп оқу Онлайн-байқауы. Толығырақ ақпарат: +77071450055, Асылханова Лаура Айтуғанқызы, + 77079325417, Смирнова Юлия Георгиевна

* "Туған жер", "Қазақстанның киелі жерлері", "Халық жадындағы есімдер - бірегей адамдар" тақырыптарындағы "Рухани жаңғыру"конкурсы. Толық ақпарат: 87077212638, Кабдушев Болат Жоламанович

* "Мен және менің сүйікті кітабым" селфи-байқауы. Толық ақпарат: +77016266511, Нетесова Наталья Степановна

* "Мен сүйікті кітабымның кейіпкерімін" байқауы. Толық ақпарат: +77016266511, Нетесова Наталья Степановна

* Әдеби викторина. Толық ақпарат: +77016266511, Нетесова Наталья Степановна