«Қаржы орталығы» АҚ кепілдігімен берілетін білім беру кредиттері

«Қаржы орталығы» АҚ кепілдігімен берілетін білім беру кредиттері

29.07.2021 Барлық жаңалықтар


Мемлекеттік білім грантын жеңіп алмаған талапкерлер мемлекет кепілдігімен білім беру кредитін ресімдеу арқылы өз оқуларын төлей алады.

Білім несиесін қазақстандық колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға алуға болады.

Негізгі шарттар:

- білім беру кредиті «Қаржы орталығы» АҚ кепілдігімен кепілсіз беріледі

- кепілдік мөлшері – негізгі қарыз сомасының 50% - ынан 100% - ына дейін және студенттердің үлгеріміне байланысты;

- білім деңгейлері – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- пайыздық мөлшерлеме – жылдық 20% ;

- жеңілдікті кезең – негізгі қарызды төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылады. Негізгі борыш сомасын өтеу оқу мерзімі аяқталғаннан кейін және оқу аяқталғаннан кейін 6 айдан кейін жүргізіледі.

- несие сомасы – оқу құнына тең;

- несиені рәсімдеу – студентке несие желісі ашылады, несие желісі аясында несие транштармен беріледі, бір транш семестр немесе академиялық жыл үшін оқу құнына тең.

Екінші деңгейдегі банкпен келісім жасалды, оларға Қоғамның – «Нұрбанк» АҚ кепілдігімен несиелер беріледі.

Статистикалық деректер:

-берілген кепілдіктер саны – 7 287 кепілдік;

- кепілдендіру сомасы – 1,9 млрд. теңге;

- несиелеу сомасы – 2,0 млрд. теңге;

Білім беру несиесі туралы толық ақпаратты Сіз «Қаржы орталығы»  АҚ-дан келесі байланыс деректері бойынша ала аласыз:

- Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғ.18.

-Call-орталық – 8 (800) 080-28-28 (қоңырау шалу тегін), 8 (7172) 695-127

-Веб-сайт: www.fincenter.kz

Білім беру кредиттері