Қазақстанның бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Қазақстанның бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

29.07.2021 Барлық жаңалықтар


ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың "Кәсіпкерлік объектілерінде Ashyq жобасын енгізу туралы" қаулысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қиясов Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында 2021 жылғы 2 тамыздан бастап мынадай тыйым шараларын енгізді:

орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, Ashyq-қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұру;

ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің (вакцинацияланған және соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда)  80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысаны сақталуы керек;

Ashyq жобасынан тыс:

5) "қоңыр қызыл" аймақта демалыс күнінің шектеу шаралары енгізіледі.

10. Ақмола, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарының әкімдері өз құзыретіне сәйкес осы қаулының 11-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан (Бурабай, Целиноград, Аршалы аудандары), Алматы (Қарасай, Талғар, Іле аудандары), Шымкент (Сайрам, Төлеби аудандары), Қарағанды (Теміртау, Шахтинск, Абай қалалары) қалаларымен шекаралас аудандарда қатаңдату жөнінде ұқсас шаралар қабылданады.

11. Тиісті аумақтың, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері Ashyq жобасын іске асыру мәселелері бойынша осы қаулыны басшылыққа алады және "жасыл", "сары" және "қоңыр қызыл" аймақтардағы жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы болмайды.

12. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің "Кәсіпкерлік объектілерінде Ashyq жобасын енгізу туралы" 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26, "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 11 маусымдағы № 27 қаулыларының күші жойылды деп танылады. 

Сонымен қатар, бас санитария дәрігері мына кәсіпкерлік объектілерінде Ashyq жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылуын қаулы етті:

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енетіні айтылады.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

kaz.tengrinews.kz материалдары бойынша / / Қазақстанның бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды / / Авторы: kaz.tengrinews.kz  - 2021-шілде 29.