АЭжБУ толық қаруланған!

АЭжБУ толық қаруланған!

09.09.2021 Барлық жаңалықтар


Араға 4 күн салып, яғни, 13 қыркүйекте 2021-2022 оқу жылы басталады.

Бакалавриаттың 1-курстарының алғашқы семестрі қашықтықтан оқыту форматында өткізіледі.

Бакалавриаттың 2-4 курстары, магистратураның 1-2 курс және докторантураның 1-3 курс студенттері алғашқы семестрді құрамдасқан форматта өткізеді.

Офлайн форматта стендтер мен жабдықтар қолданылатын зертханалық сабақтар жүргізіледі. Атап айтқанда өндірістік тәжірибелер, семинарлар және тәжірибелік сабақтар өтеді.

Онлайн форматта тек ғана лекциялар өткізіледі.

Сабаққа кіру үшін коронавирус инфекциясының алдын-алу шараларын қатаң түрде орындау қажет – ЖОО кіре-берісте орнатылған дезинфекциялайтын тоннельден өтіп, температураны өлшеген соң, ASHYQ жүйесі арқылы қауіпсіздік статусын растау қажет, сондай-ақ, бетпердесіз кіруге болмайды.

Одан бөлек, университет қабырғасында жүйелі түрде дезинфекциялау жүргізіледі және қолға арналған дезинфекция құралдары, бетпердеге арналған қоқыс жәшігі, ауаның қайта айналуына арналған жабдықтар, әлеуметтік қашықтықты сақтайтын жолақтар жасалған.

АЭжБУ жаңа оқу жылына толыққанды дайын! Ендігі кезекте – студент дайын болуы керек!