АЭжБУ электр энергетикасы саласын қолдау шеңберінде «Алматы Электр Станциялары» АҚ қызметкерлеріне корпоративтік жеңілдікпен қашықтықтан оқыту негізінде екінші жоғары білім алуға мүмкіндік береді

АЭжБУ электр энергетикасы саласын қолдау шеңберінде «Алматы Электр Станциялары» АҚ қызметкерлеріне корпоративтік жеңілдікпен қашықтықтан оқыту негізінде екінші жоғары білім алуға мүмкіндік береді

24.09.2021 Барлық жаңалықтар


АЭжБУ электр энергетикасы саласын қолдау шеңберінде «Алматы Электр Станциялары» АҚ қызметкерлеріне корпоративтік жеңілдікпен қашықтықтан оқыту негізінде екінші жоғары білім алуға мүмкіндік береді

Электр энергетикасы саласын қолдау шеңберінде Алматы энергетика және байланыс университеті «Алматы Электр Станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) қызметкерлеріне корпоративтік жеңілдікпен қашықтықтан оқыту негізінде  екінші жоғары білім алуға мүмкіндік береді.

«АлЭС» АҚ – бұл Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу және электр энергиясын өндіру қызметін жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым. Бірнеше жылдан бері компания ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық қызмет бойынша, сондай-ақ қосарлы білім беру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асырған университеттің серіктесі болып табылады.

 «АлЭС» АҚ қызметкерлері құзыреттер деңгейін көтеру, сондай-ақ жеке және кәсіби өсу үшін «Жылу энергетикасы» және «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық дайындықтан өтеді.

Аталған білім беру бағдарламалары бойынша оқу пәндерін игеру білім алушыларға біліктілк деңгейін арттыруға және мансаптық өсуге мүмкіндік береді!