EcoRES (AUES) командасын "Үздік инновациялық стартаптар" конкурсында I орын алуымен құттықтаймыз!

EcoRES (AUES) командасын

29.11.2021 Барлық жаңалықтар


EcoRES (AUES) командасын "Үздік инновациялық стартаптар" конкурсында I орын алуымен құттықтаймыз 

EcoRES (AUES) командасында :

1. Эльвира Кадылбековна Темирканова-PhD докторы,аға оқытушы;

2. Сауле Кумызбаева-PhD докторы, аға оқытушы;

3. Алишер Каримғали-РЭТдк 20-1 тобының студенті;

4. Куанышбек Абдуразак-инженер;

5. Асия Искакова-аға оқытушы.

"Үздік инновациялық стартаптар" конкурсы Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Қазақстан жастары фракциясы" ҚҚ және "Jas Otan" жастар қанатымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Конкурс кезінде кәсіпкерлік қызметтегі сарапшылардан 5 семинар-тренинг, "Креативті экономика және қалалық даму" тақырыбына мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 семинар-тренинг өткізілді. Сонымен қатар, жобаға қатысушылар Qolday кәсіпкерлерді қолдау орталығында оқудан өтті, сондай-ақ конкурсқа қатысушылар үшін елдің креативті экономикасын дамытатын компаниялар (SmartPoint, Alatau Creative Hub) бойынша экскурсиялар өткізілді. Сондай-ақ, Alatau Creative Hub креативті кеңістігінде EcoRES (AUES) командасы өздерінің "Smart space" жобаларын қорғады және қазылар алқасы мен конкурстың демеушілері алдында макеттерін көрсетті.