Оқушыларды "AUES IT CAMP" қысқы мектебінен өтуге шақырамыз

Оқушыларды

19.01.2022 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ 8-11 сыныптарда оқитын Алматы қаласының оқушыларын 31.01.2022-04.02.2022 ж. аралығында "AUES IT CAMP" қысқы мектебінен өтуге шақырады.

AUES IT CAMP  - 5 күндік лагерь, онда 8-11 сынып оқушылары Python-да бағдарламалау бойынша интерактивті мастер-класстар өтеді. Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ тәжірибелі оқытушыларынан қысқы мектепте алған білім болашақ мамандықты таңдауда пайдалы болатыны сөзсіз. Бағдарламалаудағы түрлі құралдар туралы білуден басқа, өзіңізге достар тауып, университет қабырғасында көңілді уақыт өткізесіз! Курс аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар беріледі.

 Курсқа тіркелу үшін сайттағы сілтеме бойынша нысанды толтыру қажет.   

Қысқы мектеп бетперде режимін және басқа да санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, күндізгі форматта болады.
 
Қысқы мектептің кестесін университет сайтынан көруге болады.

Байланыс телефоны: 8-727-323-11-75, ішкі 5301.

"AUES IT CAMP" қысқы мектебінің сабақ кестесі

"AUES IT CAMP" қысқы мектебінің сабақ кестесі

Күні Уақыты Аудитория Курс  
31.01.2022 14:00 – 14:30 А 300 Құттықтау сөз, фотосессия АЭжБУ басшылығы
14:30 – 18:00 Python-да бағдарламалау Сейтқали Ғ.
01.02.2022 14:00 – 18:00 А 300 Python-да бағдарламалау Сейтқали Ғ.
02.02.2022 14:00 – 18:00 А 300 Python-да бағдарламалау Сейтқали Ғ.
03.02.2022 14:00 – 18:00 А 300 Python-да бағдарламалау Сейтқали Ғ.
04.02.2022 14:00 – 17:00 А 300 Python-да бағдарламалау Сейтқали Ғ.
17:00 – 18:00 Сертификаттарды тапсыру, фотосессия АЭжБУ басшылығы