Академик Ш. Есенов стипендиясы 2022-ні алу мүмкіндігін жіберіп алма

Академик Ш. Есенов стипендиясы 2022-ні алу мүмкіндігін жіберіп алма

21.01.2022 Барлық жаңалықтар


Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 27 000 теңгеден тұратын 20 студентік шәкіртақы байқауын жариялайды.

Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша бакалавриаттың 2-3 курс және  магистратура мен интернатураның 1-курс студенттері, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.

Ш. Есенов aтындaғы шәкіртақы байқауына қатысу үшiн үмiткер:

Қордың yessenovfoundation.org сайтында онлайн-өтінімді толтыруы және келесі құжаттарды ұсынуы қажет.

Міндетті құжаттар:

1. Жеке куәлік көшiрмесi;

2. «Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтiредi және не ыкпал етедi?» атты тақырыпқа эссе/уәждемелік хат. (Microsoft Word форматында);

3. Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес);

4. Бакалавриатты бітіргені туралы диплом (магистратура мен интернатура студенттері үшін).

Қосымша құжаттар:

5. Fылыми сертификаттар/дипломдар - 2 сертификаттан көп емес;

6. Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшiн сертификаттар - 3 сертификаттан көп емес;

7. Жарияланымдар - 2 жарияланымнан көп емес;

8. Fылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат/магистратура бaғдaрлaмaсының жетекшісі, кафедра менгерушісі);

*Қормен сертификаттардың шектеулi саны қаралады.

Iзденушi жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетнше ipiктen алуы қажет.

Өтінімдер кордың yessenovfoundation.org сайтында 2022 жылдың 24 қаңтары мен 25 ақпаны аралығында кабылданады.

*Өтiнiмдi қабылдау 2022 ж. 25 акпанда Нур-Султан к. уақыты бойынша (GMT+6) сaғaт 15:00 аяқталады.

Барлык өтінімдер қордың yessenovfoundation.org сайтында толтырылады.

Толығырақ стипендияның ресми парақшасында:

Shakhmardan Yessenov Foundation — Академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақы 2022