АЭжБУ Webometrics халықаралық рейтингісіндегі позициясын жақсартты

АЭжБУ Webometrics халықаралық рейтингісіндегі позициясын жақсартты

03.02.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың қаңтар айында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) Webometrics интернет-кеңістігінде қатысудың халықаралық рейтингінде Қазақстанның 128 ЖОО арасында 43-тен 26-орынға дейін өз позициясын жақсартты.

 «АЭжБУ» университеттің веб-сайтына сілтеме жасайтын сыртқы көздер санынан есептелетін «Google академиясының библиографиялық сілтемелері» (Google Scholar Citations) және «Көріну» (Visibility or Impact) сервисінің топ-авторларының университет веб-сайтынан алынған дәйексөздер санынан есептелетін «Ашықтық» (Openness) критерийлері бойынша өз көрсеткіштерін жақсартты.

 «АЭжБУ» үшін Webometrics халықаралық рейтингіне қатысу университеттің Дүниежүзілік Интернет желісіндегі позициясын, сондай-ақ елдегі және әлемдегі басқа ЖОО-лармен салыстырғанда оның ақпараттық қолжетімділігі мен ғылыми жетістіктерінің сапасын қадағалауға мүмкіндік беретін стратегиялық маңызды құрал болып табылады.

Webometrics халықаралық рейтингі – бұл Испанияның ғылыми зерттеулер жөніндегі Жоғарғы Кеңесінің (CSIC) бөлімшесі Cybermetrics Lab есептейтін біріктірілген көрсеткіш. Рейтингтің мақсаты жоғары оқу орындарының Интернет желісіне қатысуын арттыру және ғылыми қызмет нәтижелерін ашық жариялауға жәрдемдесу болып табылады. Рейтинг 2004 жылы пайда болды және әр қаңтар және шілде айларында жаңартылады. Қазіргі уақытта ол әлемнің 200-ден астам елінен 31000-ға жуық университетті іріктейді.