ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Смайылов пен Қазақстан Халық партиясының өкілі Тамерлан Султанғалиевтің АЭжБУ студенттерімен кездесуі

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Смайылов пен Қазақстан Халық партиясының өкілі Тамерлан Султанғалиевтің АЭжБУ студенттерімен кездесуі

13.05.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың 12 мамырында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Смайлов және Қазақстан Халық партиясы Алматы филиалы төрағасының орынбасары Тамерлан Сұлтанғалиевпен студенттердің кездесуі өтті. «Еліміздің Президенті қолданыстағы Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы бастама көтерді. Жақында, 5 маусымда референдум өтеді, сіз, Құрметті студенттер, оған қатыса аласыз. Бұл сіздің болашағыңызды анықтайды!», - деді Смайлов.

Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Серік Махмутов өз сөзінде студенттерді құрметті қонақтарға сұрақтар қоюға шақырды. «Құрметті студенттер, алдағы референдум біздің Отанымыздың тағдырын анықтауы тиіс. Смайлов мырза бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дана саясатының арқасында болып жатқан демократиялық өзгерістер туралы айтып береді. Сұрақтар қоюдан тартынбаңыз! Есіңізде болсын, елдің болашағы сіздің қолыңызда!», - деді ол.

Кездесу барысында Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі Б.Ж. Қабдушев, осы кафедраның доценті Г.А. Абрахматова және Жастар саясаты департаментінің директоры З.А. Абдуллина сөз сөйледі. Департамент директорының орынбасары Елікбай Каби университет бойынша экскурсия жүргізіп, қонақтарға зертханаларды көрсетті.