«StudentDigitalFest» конкурсына қатысыңыз

«StudentDigitalFest» конкурсына қатысыңыз

16.05.2022 Барлық жаңалықтар


«KAZENERGY» қауымдастығы «StudentDigitalFest» конкурсының үшінші маусымына қатысу үшін ҚР ЖОО студенттік командаларының өтінімдерін қабылдау жоспарланып отырғанын хабарлайды.

Конкурсты «KAZENERGY» қауымдастығы 2019 жылдан бастап «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг B. V.» демеушілік қолдауымен өткізеді.

Конкурстың мақсаты: мұнай-газ/энергетика салаларындағы өндірістік кәсіпорындарда цифрландыру бойынша қолданбалы инновациялық жобаларды/ технологиялық шешімдерді әзірлеуге жастарды ынталандыру.

Биыл шешім/жоба әзірлеу үшін техникалық тапсырмалардың келесі тақырыптарының бірін таңдау ұсынылады:

1) Машиналық оқыту әдістерін пайдалана отырып, ұңғымалардың мұнай-газ жинау құбырларын оңтайландыру;

2) Ұңғымаларды қосудың цифрлық каталогы;

3) «Қалдықтарды басқару» автоматтандырылған жүйесі.

Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар:

1. Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқитын 18-25 жас аралығындағы студенттер;

2. Саны 2-ден 4 адамға дейінгі команда;

3. Шешім жобасын әзірлеу үшін конкурстың бір техникалық тапсырмасын анықтау;

4. ЖОО-дан әрбір студенттің (команда мүшесінің) Т.А.Ә., факультетін, мамандығы мен оқу курсын көрсете отырып, оқығанын растау туралы анықтама алу.

StudentDigitalFest-ке қатысу үшін өтінімдер www.kazenergy.com сайтында 2022 жылдың 30 мамырынан бастап онлайн қабылданады.

Командалық өтінімдерді қабылдау мерзімі туралы жариялау www.kazenergy.com сайтында, сондай-ақ facebook KAZENERGY, Instagram- @student.energy әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

Конкурсқа қатысу сұрақтары бойынша келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:

87785447878-Айдана Ильясова

+7 7172 790187, 8 707 618 48 Диана (немесе e-mail: sdf2022@kazenergy.com)

Темы конкурса SDF