Астана күні құтты болсын!

Астана күні құтты болсын!

06.07.2022 Барлық жаңалықтар


Құрметті достар!

Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы – Еуразияның жүрегі, ХХІ ғасырдың сәулет туындысы, сонымен қатар саяси, мәдени, экономикалық және ғылыми орталық. Нұр-Сұлтан - қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің айқын дәлелі, ұлттық мақтанышымыз.

 Біз Астананың қалыптасуының куәгерлері және осы ауқымды зор жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көзбен көру бақытына ие болып келеміз. Сол себепті де Қазақстанда Астана күні атап өтіледі. Нұр-Сұлтан – ұлттық мақтанышымыз.

Астана күні мерекесінде Сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, игілік, табыс және бақыт тілейміз!

Ғұмарбек Дәукеев атындағы

Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры

Сауле Сагинтаева