Запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламасы бойынша оқу үшін кандидат-студенттерді конкурстық іріктеу

Запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламасы бойынша оқу үшін кандидат-студенттерді конкурстық іріктеу

27.06.2022 Барлық жаңалықтар


«Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕАҚ Әскери істер институтында 2022 жылғы шілденің 4-нен 15-не дейінгі кезеңде запастағы офицерлер және сержанттар бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін студенттерді-кандидаттарды конкурстық іріктеу жүргізіледі.

Өтініш берген және медициналық куәландыру карталарын тапсырған студенттер кәсіби-психологиялық тест тапсыру және дене даярлығын тексеруден өтеді.

Кәсіби-психологиялық тест тапсыру әскери кафедраның базасында кестеге сәйкес өткізіледі.

Кәсіби-психологиялық тест тапсырудан өткен кандидаттар келесі кезең – дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруға жіберіледі.

Конкурстың әрбір кезеңінен өтуге тек қана бір рет рұқсат етіледі.

Кәсіби-психологиялық тест тапсыру мына мекенжай бойынша: Алматы қ., Байтұрсынов к-сі, 140 (әскери кафедра) кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

Дене даярлығын тексеру мына мекенжай бойынша: Алматы республикалық «ЖАС ҰЛАН» мектебінің стадионында: Алматы қ., Пятницкий к-сі, 100 (кіру Саина к-сі жағынан, блок-3) кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурс кезеңдерінің қорытындыларымен келіспеген студент, сол күні жазбаша хатпен (еркін түрде) іріктеу комиссиясының төрағасына жолығады.

2022 жылы «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕ АҚ Әскери істер институтына (әскери кафедраға) оқуға түсу үшін студенттердің-кандидаттардың кәсіби-психологиялық тест тапсыру және дене даярлығын тексеруді өткізудің кестесі

 

р/н

Институт (универитет) атауы Тест өткізудің күні, айы Дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсырудың күні, айы
1 Сәулет және құрылыс институты 04.07.2022  05.07.2022
2 Автоматика және ақпараттық технологиялар институты 05.07.2022  06.07.2022 
06.07.2022  07.07.2022 
3 Қазақ инженерлік-технологиялық университеті 06.07.2022  07.07.2022 
4 Геология және мұнай газ ісі институты 07.07.2022  08.07.2022 
5 Жобаларды басқару институты 07.07.2022  08.07.2022 
6

Алматы энергетика және байланыс университеті

08.07.2022  09.07.2022 
09.07.2022  11.07.2022 
11.07.2022  12.07.2022 
7 Энергетика және машина құрылысы институты 13.07.2022  14.07.2022 
8 Тау-кен институты 13.07.2022  14.07.2022 
9 Қазақ-Британ техникалық университеті 14.07.2022  15.07.2022 

Ескерту:

1. Белгіленген күні кестеге сәйкес «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕ АҚ Әскери істер институтына (әскери кафедраға) Байтұрсынов к-сі, 140 мекенжайына, сағат 08.00-де келу қажет.

2. Өзімен бірге жеке куәлігі және студенттің ID картасы болуы тиіс.

3. Дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру үшін спорттық киім үлгісі (кроссовки) болуы тиіс.

Кандидаттардың дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру тәртібі туралы АҚПАРАТ

ҚЫМБАТТЫ КАНДИДАТТАР!

Сіздерге конкурстық іріктеудің үшінші кезеңі - дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру қажет.

Дене даярлығы бойынша нормативтер келесі нормативтерге сәйес қабылданады:

*Дене даярлығы бойынша студент-жігіттер үшін нормативтер

№ р/н Бақылау жаттығулары Баға
«5» «4» «3»
1. 100 м (с) жүгіру  14,2 14,5 15,0
2. 3000 м (мин) жүгіру 13,00 15,00 16,00
3. Биік белдемеге тартылу (саны) 12 10 8

 *Дене даярлығы бойынша студент-қыздар үшін нормативтер

№ р/н Бақылау жаттығулары Баға
«5» «4» «3»
1. 100 м (с) жүгіру 16,0 16,5 17,0
2. 2000 м (мин) жүгіру 10,00 11,3 12,2
3. Арқада жатып, қолы басының артында жағдайынан денесін көтеру (саны) 25 20 15

 

Ескерту: Жалпы балл санын есептегенде «қанағаттанарлықсыз» бағасы нөль балл болып есептеледі.

Дене даярлығы бойынша әрбір норматив жекеше бағаланады. Дене даярлығы бойынша жалпы балл үш жаттығу бойынша бағаны есептеумен шығарылады. Жалпы балл санын есептегенде «қанағаттанарлықсыз» бағасы нөль балл болып есептеледі.

Кандидат конкурстық іріктеуге әрі қарай қатысуы үшін дене даярлығы бойынша кемінде 8 балдан кем емес жалпы балл алуы тиіс.

Дене даярлығы бойынша жалпы баллы 8 балдан төмен алған кандидат келесі кезеңге қатысуға жіберілмейді.

Кезеңнің нәтижелері кандидаттарға, оның аяқталуы бойынша дер кезінде жеткізіледі.

Дене даярлығы бойынша нормативтерді қайта тапсыруға РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ, сол себепті келесі нұсқаулықтарды сақтауыңызды сұраймыз:

1. Емтихан қабылдаушының түсіндірулерін, нормативтер бойынша бағалық көрсеткіштерді, қауіпсіздік шараларын мұқият тыңдаңыздар.

2. Егерде Сіздің нормативтерді тапсыру кезінде денсаулығыңыз нашар болса, емтихан қабылдаушыға бұл туралы айтыңыз.

3. Өзіңізге ыңғайлы спорттық киім үлгісін таңдаңыз.

4. Нормативтерді тапсыру алдында спорттық серпілу жасаңыз.

5. Кезеңнің қорытындыларымен танысқаннан кейін, Сіздің ведомостьке қол қоюыңыз керек.

НАЗАР САЛЫҢЫЗ!

кандидаттардың психологиялық тест тапсыру тәртібі туралы

АҚПАРАТ

ҚҰРМЕТТІ КАНДИДАТТАР!

Сіздерді күрделі сынақ күтіп тұр – психологиялық тестілеуді тапсыру.

Психологиялық тестілеу, ол Сіздің моральдық және іскерлік қабілеттеріңіздің әскери кәсіпке сәйкестік деңгейіңізді анықтауға бағытталған. Сонымен қатар Сіздің резервтік мүмкіндіктеріңіз және кәсіби-жеке потенциалыңыздың деңгейі анықталады.

Аталған психологиялық тестілеу компьютерде өткізіледі. Тестілеу ұзақтығы 60 минуттан аспайды.

Тестілеу аяқталғаннан кейін дисплей экранында қорытындылар автоматты түрде шығарылады.

НАЗАР САЛЫҢЫЗ!

Сіздің тестілеуден ТЕК ҚАНА 1 (бір) РЕТ ӨТУГЕ МҮМКІНДІГІҢІЗ БАР

Психологиялық тестілеуді сәтті тапсыру үшін келесі нұсқаулықтарды орындаңыз:

1. Тест өткізілетін дәрісханаға мобильді телефон, қаламсап, қарындаш әкелуге тыйым салынады.

2. Психологиялық тестілеуді өткізуге жауапты адамның түсіндірулерін мұқият тыңдаңыз. Тест өткізу барысында Сіздің сұрақ қоюға құқығыңыз бар.

3. Денсаулық жағдайыңыз нашар болса, тестілеуге қатыспаңыз. Бұл туралы психологиялық тестілеуді өткізуге жауапты адамға, сұрау кезінде алдын-ала хабарлаңыз, ол міндетті түрде тестілеу басталмас бұрын өткізіледі.

4. Тестілеуден өту үшін тестілеудің өзіңізге ыңғайлы тілін таңдаңыз – қазақ немесе орыс тілін. Психологиялық тестілеуді өткізуге жауапты адамның нұсқауы бойынша ведомостьке тиісті белгі қойыңыз.

5. Өзіңіздің жеке деректеріңізді дұрыс толтырыңыз.

6. Сұрақтарға нұсқаулықты мұқият оқу және түсінуден кейін жауап беріңіз.

7. Барынша мұқият болыңыз, себебі келесі сұраққа ауысқанда, сіздің алдыңғы сұраққа оралуға мүмкіндігіңіз болмайды.

8. Барынша шынайы жауап беріңіз, Сіздің басыңызға ең бірінші келген нақты жауапты беріңіз.

9. «Жақсы» немесе «жаман» жауаптың жоқ екенін есте сақтаңыз.

10. Тестілеу кезінде дәрісханадан шығуға, сөйлесуге, мәтінді дауыстап оқуға және түсіндіруге, ұялы телефонды және басқа да байланыс құралдарын пайдалануға, көршілес компьютердің экранына қарауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

11. Компьютердің экранында «Қорытындыларды сақтау» кестесі пайда болған кезде, Сіз қолыңызды көтеріп, Сізге психологиялық тестілеуді өткізуге жауапты адам қорытындыларды сақтау үшін келгенше күту керек.

Егерде психологиялық тестілеуді өткізуге жауапты адам басқа да түсушілермен бос болмаса, күте тұрыңыз. Бұл ретте компьютермен қандай-да бір іс-әрекеттер жасауға (өз бетінше тестілеу қорытындысын ашуға, диалогтық терезені жабуға, компьютерді сөндіруге және т.б.) ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

12. Тестілеу қорытындысымен танысқаннан кейін, Сіз және бақылаушы қатарының өкілі ведомостьке қол қоюларыңыз қажет.

АТАЛҒАН ТӘРТІПТІ БҰЗҒАН ЖАҒДАЙДА, СІЗ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАУДЫҢ АТАЛҒАН КЕЗЕҢІН ӨТПЕГЕН БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕСІЗ

ТЕСТІЛЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУ

1.Тестілеудің «Ұсынылмаған» нәтижесі, Сіздің іріктеудің аталған кезеңінен өтпегеніңізді және келесі кезеңге өтпейтініңізді білдіреді.

2. Егерде Сіз оң нәтиже алған жағдайда (бірінші кезекте ұсынылған - 100 балл, екінші кезекте ұсынылған – 75 балл, ұсынылған – 50 балл), Сіздің іріктеудің аталған кезеңінен өткеніңізді білдіреді.

Компьютерлік психологиялық тестілеудің нәтижелері апелляцияға жатпайды және түсініктеме берілмейді, себебі ол оқуға түсішінің жеке мінездемелерін сипаттайды.

Қазақстан Республикасы ЖОО-ы жанындағы әскери

кафедраларға түсушілер үшін рейтингтік баллын (Р) есептеудің кестесі

Қабылдау кезеңі

Дайындық деңгейі Бағалар баллмен Салмақтық коэффициент
1

Кәсіби-психологиялық тестілеу (Т)

1-ші (1) кезекте ұсынылған 100 0,35
2-ші (2) кезекте ұсынылған 75
(3) ұсынылған 50
2 Дене даярлығы  (Д) 14-15* 100 0,30
11-13* 75
8-10* 50
3

Сабақ үлгерімінің орташа көрсеткіштері GPA (О)

3,34-4,00 100 0,35
2,34-3,33 75
1,34-2,33 50
4

Колледж бітіргендер үшін сабақ үлгерімінің орташа көрсеткіштері GPA (О)

4,5-5,0** 100 0,35
4,0-4,4** 75
3,0-3,9** 50

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕАҚ әскери кафедрасының әкімшілігі