Оқу ақысын төлеуге іріктеу бойынша «KAZENERGY» қауымдастығының конкурсы

Оқу ақысын төлеуге іріктеу бойынша «KAZENERGY» қауымдастығының конкурсы

14.07.2022 Барлық жаңалықтар


Жыл сайын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС, НКОК Н.В., «КПО Б.В.» және «KAZENERGY» қауымдастығы арасында 2015 жылғы 29 қыркүйекте қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары шеңберінде бөлінетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу жүргізіледі.

Үміткерлердің оқу ақысын төлеу үшін іріктеу конкурсы www.grant.kazenergy.com сайтында жыл сайын 15 шілдеден 31 тамызға дейін және www.kazenergy.com сайтында орналастырылған энергетика саласындағы сұранысқа ие мамандықтар мен даярлау бағыттарының тізімі бойынша (Қызметі - Білім беру бағдарламасы - Жер қойнауын пайдаланушылар қаражаты есебінен оқыту) өткізіледі.

Электрондық өтінімді толтыру үшін кәмелетке толған үміткерлер «Дербес деректерді жинауға және өңдеуге арналған келісімге» қол қоюы қажет; егер үміткер кәмелетке жасқа толмаған болса, онда өтінім мен ««Дербес деректерді жинауға және өңдеуге арналған келісімді»» үміткердің заңды өкілі толтыруы тиіс.

ҚР жоғары оқу орындарына түсетін және оқитын үміткерлер үшін конкурсқа қатысу шарттары:

1) Қазақстан Республикасының Азаматтығы;

2) оқу орнына шартсыз қабылдау немесе оқыту (білім алушының қаржылық берешегі болмаған кезде);

3) үлгерімінің келесі көрсеткіштерге сәйкестігі:

- ҰБТ/КТ сертификаты 80 балл және одан жоғары;

- диплом бойынша үміткердің оқу үлгерімінің орташа балы бакалавриаттың 1 (бірінші) курсына түскен тұлғалар үшін кемінде 4,0 (5,0-ден) балл;

- бакалавриаттың 1 (бірінші) курсын аяқтаған үміткерлер үшін GPA кемінде 3,0 (В) балл;

- бакалавриаттың 2-3 (екінші, үшінші) курстарында оқуды аяқтаған үміткерлер үшін GPA кемінде 3,33 (В+);

-  жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық курстарында оқитын үміткерлер үшін GPA кемінде 3,33 (В+)

Қажетті құжаттар тізімі:

1) жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетілген жеке куәліктің/туу туралы куәліктің/паспорттың көшірмесі;

2) алдыңғы білім алғанын растайтын құжаттың және үлгерім балының (ҰБТ/КТ сертификатының не дипломның) көшірмесі – 1 (бірінші) курсқа түскендер үшін және білім алушылар үшін – алдыңғы оқу жылы үшін GРА көрсетілген транскрипт (білімді бағалаудың өзге жүйесі болған жағдайда, GРА-ға баламалы үлгерім туралы оқу бөлімімен куәландырылған анықтаманы ұсыну: бакалавриаттың 1 (бірінші) курсын аяқтағандар үшін кемінде 3,0 (B) ; бакалавриаттың 2-3 (екінші, үшінші) курсын аяқтаған адамдар үшін кемінде 3,33 (В+), сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің барлық курстарында оқитын тұлғалар үшін GРА кемінде 3,33 (В+);

3) отбасы құрамы туралы анықтама (тек көп балалы отбасылар үшін);

4) табысы аз және (немесе) толық емес отбасы, жетім, мүгедек санатындағы топтардың біреуіне (немесе бірнешеуіне) құжаттамалық растау;

5) оқуға қабылдау туралы/оқу туралы қол қойылған (ресми бланкіде не оқу орнының мөрімен куәландырылған) анықтама (заңды тұлғалардың оқу ақысын төлеу үшін 1 (бір) оқу жылының бағасы, оқу курсы мен нысаны, қаржылық берешегінің болмауы көрсетілген);

6) конкурстарға, олимпиадаларға және т.б. қатысқанын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (бар болса).

Электрондық өтінім берудің барлық сұрақтары бойынша +7 7172-79-49-75, 8 (708) 210-32-42 телефонына немесе e-mail: candidate@kazenergy.com хабарласыңыз!