«Cloud academy» ұсынған «Amazon Web Services (AWS)» бұлтты технологиялар бойынша факультативтік курс

«Cloud academy» ұсынған «Amazon Web Services (AWS)» бұлтты технологиялар бойынша факультативтік курс

23.09.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылғы 27 қыркүйек сағат 16.00-де «Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ» КеАҚ акт залында «Cloud academy» компаниясының «Amazon Web Services (AWS) бұлтты технологиялар бойынша факультативтік курсының» ТҰСАУКЕСЕРІ өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушысы – АЭжБУ БАИ.
Спикерлер ретінде шетелдік IT-компанияларда бұлтты инженерлер болып табылатын «Cloud academy» өкілдері шақырылды. «C1oud academy» мамандары «AWS academy» бағдарламасы бойынша аккредиттелген оқытушылар болып табылады, сондай-ақ бұлтты технологиялар бойынша факультативтік курстарда дәріс сабақтарын жүргізеді.

Іс-шараның мақсаты:

- «Бұлттар» (бұлтты технологиялар) туралы Кіріспе ақпарат беру;

- Студенттерді әлемдегі ең ірі бұлт жеткізушісі болып табылатын Amazon Web Services (AWS) туралы хабардар ету;

- Amazon (АҚШ) компаниясынан AWS халықаралық сертификаттауға дайындау үшін факультативтік курстар желісін таныстыру.

Әр курстың соңында оның ең жақсы тыңдаушыларына тиісті AWS емтиханын тегін тапсыруға мүмкіндік беріледі. Емтиханды сәтті тапсыру сіздің халықаралық деңгейдегі маман мәртебеңізді растайды.

Бұл бағдарлама AWS сертификатталған мамандарымен және ТМД-да аккредиттелген жалғыз «AWS academy» оқытушысымен әзірленген. Оқу курсы АҚШ-тың ірі IT-компанияларындағы көпжылдық тәжірибеге негізделген авторлық контентпен бірге жүреді.

Қазіргі уақытта Cloud Engineer/DevOps Engineer IT саласындағы ең танымал және жоғары ақы төленетін мамандар болып табылады.

Біздің курстарымыздың үздік түлектері қазірдің өзінде AWS бойынша сертификатталды және кейіннен жұмысқа орналасуы мүмкін ірі шетелдік және отандық компанияларда тағылымдамадан өтуде. Олар 3-4 курс студенттері.

Таныстырылым қорытындысы бойынша тілек білдірушілерді қашықтықтан оқыту форматындағы факультативтік курсқа тіркеу жүргізіледі.

Өтетін күні мен уақыты: 27 қыркүйек 16:00 – 17:00

Өтетін орны: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байтұрсынұлы көшесі, 126/1, «Д» ғимаратының мәжіліс залы.

Байланыстар:

WhatsApp +7 705 8409516, +7 7017347758

тел.: + 7 (727) 323 11 75

e-mail: a.gadylbek@aues.kz

dpo@aues.kz