Бос орындар жәрмеңкесі

Бос орындар жәрмеңкесі

27.09.2022 Барлық жаңалықтар


Құрметті АЭжБУ студенттері!

АЭжБУ Мансап орталығы және Beam.kz командасы Сіздерді 2022 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10.00-13.00 аралығында Алматы қаласы, Байтұрсынұлы көшесі, 126/А мекенжайы бойынша (А және В ғимараттары арасындағы тұрақ) өтетін "Бос орындар жәрмеңкесіне" қатысуға шақырамыз.

Бос орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жетекші жұмыс берушілерге АЭжБУ-дың үздік түлектері мен студенттерін тартуға мүмкіндік беру.

Жәрмеңке АЭжБУ студенттерін мамандық бойынша үздік жұмыс берушілермен таныстыруға бағытталған АЭжБУ университетінің ең ірі мансаптық іс-шарасы болады.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі – бұл әлеуетті жұмыс берушілерге өзін көрсетудің және олардың жас мамандарға қойылатын талаптары туралы білудің тамаша мүмкіндігі.

Жәрмеңке – бұл сіздің мансаптық жоспарыңызды құрудың алғашқы қадамы! Сонымен қатар, жәрмеңкеде сіз қатысушылардан кішкентай, бірақ жағымды сыйлықтар ала аласыз.

Жәрмеңкеге қатысу үшін:

1. beam.kz жұмысқа орналасу платформасына өтіңіз

2. Платформада тіркеліңіз

3. "Оқиғалар" бөліміне өтіңіз

4. "Бос орындар жәрмеңкесін" таңдаңыз

5. Осы іс-шараға тіркеліңіз.

Сіздерді күтеміз!