Білім және ғылым мәселелері бойынша біріңғай байланыс орталығы

Білім және ғылым мәселелері бойынша біріңғай байланыс орталығы

27.09.2022 Барлық жаңалықтар


Ғылым және жоғары білім Министрлігі оқу-ағарту Министрлігімен бірлесе бірыңғай байланыс орталығын іске қосты.

Қазақстандықтар 1450 нөміріне қоңырау шалу арқылы білім және ғылым төңірегіндегі сұрақтарға жауап ала алады.

Байланыс орталығының жұмыс уақыты - күнделікті сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

«Байланыс орталығы іске қосылғалы бері бір тәулік ішінде Колл-орталыққа орта есеппен 300-ден астам қоңырау түсті. Азаматтар мектепке дейінгі, негізгі орта білім, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің түрлі мәселелері бойынша өтініш білдіреді. Мамандар әрбір жүгінген азаматқа түсініктеме береді. Студенттер мен ата-аналар оқуға қалай түсуге болатыны, Жоғары оқу орнын қалай таңдап, біреуінен екіншісіне қалай ауысу керектігі жайлы және басқа да мәселелерге байланысты сауалдар қойған», – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов.