Miss AUES 2022

Miss AUES 2022

09.12.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылғы 2 желтоқсанда Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде «АЭжБУ аруы - 2022» байқауынан өтті. Биылғы жылдың финалында АЭжБУ аруы атағына 9 үміткер бақ сынады. Байқау барысында қыздар шығармашылық жағынан да, эрудиция жағынан да жақсы нәтижелер көрсетті. Кеш қонақтары жоғары деңгейлі әртістік және вокал шеберлігін тамашалау  мүмкіндігіне ие болды. 

Қатысушылар арасынан үздіктерді іріктеу еліміздің танымал тұлғаларына тапсырылды, олардың арасында «Қазақстан аруы-2022» байқауының жеңімпазы – Томирис Какимова, жас суретші – Тұрар Ыдырыс, модель – Аделя Айдарбекова және белгілі актриса – Алтыншаш Шаяхмет болды.

«UNIX», «Aues Dance Club» және «Qos-Alqa» секілді шығармашылық студенттік клубтарымыздың өнері кешті одан әрі қыздыра түсті.

Байқау қорытындысы мен қазылар алқасының бағалауы бойынша сайыскерлер келесі номинациялар бойынша марапатталды:

1. Өнерлі ару – Қоғай Әмина

2. Алтын дауыс аруы - Шайкамал Медина

3. Көрікті ару – Сқақ Аружан

4. Талғампаз ару - Нажекенова Жанель

5. Әсем ару - Құлжанова Диана

6. Талантты ару - Тарғын Перизат

7. Білімді ару – Абдрахман Аружан

8. Тапқыр ару – Акбалина Сабина

9. Нәзік ару – Джусупова Айнура

2022 жылғы «АЭжБУ аруы» атағын Электр энергетика және электротехника институтының 1-курс студенті Аружан Әбдірахман иеленді. Ал Ақпараттық технологиялар институтының 1-курс студенті Айнұр Джусупова вице-мисс атанды.