Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ Қазақстандағы Америка елшілігінің грантын жеңіп алды

Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ Қазақстандағы Америка елшілігінің грантын жеңіп алды

27.01.2023 Барлық жаңалықтар


Әсел Көптілеуқызы Мұқашеваны «Cyberlab Cybersecurity Lab» жобасын іске асыру үшін Қазақстандағы АҚШ Елшілігінен 24000 доллар сомасындағы грантты иеленуімен құттықтаймыз!

Жұмысты Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің оқытушы-профессорлық құрамы Цинциннати университетіндегі (АҚШ) әріптестерімен бірлесіп 2023 жылдың ақпанынан 2024 жылдың ақпанына дейін жүргізеді.

Ұсынылған идея ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері, IT және/немесе STEM-мен байланысты басқа салаларда оқу бағдарламаларын әзірлеу, зерттеу және әлеуетті арттыру саласында тұрақты халықаралық ынтымақтастықты құру үшін АҚШ-Қазақстан университеттерінің серіктестік бағдарламасының мақсаттарына сәйкес таңдалды.

Әріптестерімізді құттықтаймыз және шығармашылық табыс пен жемісті ынтымақтастық тілейміз!