АЭжБУ студенті бол да, сыйлыққа ноутбук ал!

АЭжБУ студенті бол да, сыйлыққа ноутбук ал!

30.07.2020 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) пандемиямен күресте оқытудың жоғары сапасын  бірінші кезекке қоя отырып, жаңа білім беру технологияларын одан әрі дамыту арқылы төтеп береді.

АЭжБУ өзінің 45 жылдығына орай ҰБТ-дан жоғары балл жинаған талапкерлерге соңғы буындағы 800 ноутбукты сыйға тартпақшы.

Бүгінгі күні АЭжБУ-де 6000 астам білім алушы оқиды, оның 86% мемлекеттік грант иегерлері. АЭжБУ-ды 45 жыл ішінде 40 мыңнан астам маман бітіріп шықты, олар экономиканың көптеген салаларында және мемлекеттік басқару органдарында жұмыс істейді. Түлектерді жұмысқа орналастыру деңгейі 88,6 % құрап отыр.  АЭжБУ соңғы 3 жыл ішінде еліміздің жоғары оқу орындарының  ҮЗДІК-10 қатарына кірді.

Оқу процесіне бірегей заманауи жабдықтармен жабдықталған 90-нан астам зертхана тартылған, бұл техникалық мамандықтар бойынша дайындықтың жоғары сапасын анықтайды.  АЭжБУ-де вендорлардың көмегімен "Модульдік Торнадо жүйелері", Schneider Electric, IEK. Siemens. Degem компанияларының зертханалары құрылды. "Касперский зертханалары", Doctor Web, Huawei оқу сыныптары, Қазақстандағы жалғыз "Икемді коммутация желілері", IoT зертханалары жұмыс істейді.

АЭжБУ ғалымдары ел экономикасы үшін маңызды: «Табиғи, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану», «Энергетика және машина жасау», «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар», «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс», «Киберқауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» басымдықтары бойынша 30-дан астам ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыруда, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерінің 61-ден астам бірлігі тіркелген.

АЭжБУ жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлесіп қос диплом, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асырады және Erasmus+, USAID, Дүниежүзілік Банктің халықаралық бағдарламаларының қатысушысы болып табылады. Қолданыста Ынтымақтастық туралы 121 шарт, меморандум мен келісімдер бар. АЭжБУ - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰУ) университеттерінің мүшесі және энергетика, IT бағыты бойынша базалық университет болып табылады.

АЭжБУ - бұл халықаралық стандарттарға және Қазақстан экономикасының стратегиялық салаларында жұмысқа орналасудың жоғары деңгейіне сәйкес сапалы білім алу мүмкіндігі.

АЭжБУ-дың виртуалды қабылдау комиссиясына https://aues.kz/ru/post/one?id=430&index_page=1 сілтемесі бойынша өтіңіз. Интернет-кеңес беру қызметі сіз ыңғайлы уақытта хабарласа алуыңыз үшін  сағат 9:00-ден 22:00 дейін  жұмыс істейді.