Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті, National Esports Student Association және Qazaq Cybersport Federation арасында Қазақстан Республикасында студенттік киберспортты қолдау және дамыту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті, National Esports Student Association және Qazaq Cybersport Federation арасында Қазақстан Республикасында студенттік киберспортты қолдау және дамыту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою

19.10.2020 Барлық жаңалықтар


Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті, National Esports Student Association және Qazaq Cybersport Federation арасында Қазақстан Республикасында студенттік киберспортты қолдау және дамыту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою

               «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті» ҚБ бас хатшысы А.А. Крюков, «Студенттік киберспорт жөніндегі ұлттық қауымдастық» ЗТБ президенті А. Е. Нурпеисов және «Qazaq Cybersport Federation» РҚБ вице-президенті Е.А. Богатырев Қазақстан Республикасындағы студенттік киберспорт саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар ынтымақтастығының негізгі мақсаттары халықаралық спорт қозғалысының бір бөлігі ретінде Қазақстанда студенттік киберспортты қолдау және дамыту, студенттік ортада спорттық және ақпараттық мәдениетті ілгерілету, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен қарым-қатынас орнату және дамыту, киберспорт саласында бірлескен жобаларды іске асыру болып табылады.

2020-2021 жылдарға арналған ынтымақтастық шеңберінде серіктестер өзінің бірінші кезектегі міндеті ретінде Kazakhstan Esports Student League (студенттік киберспорт бойынша қазақстандық лига) құру мен дамытуды айқындады. Лиганы құру-бұл Қазақстандағы киберспортты дамытудағы үлкен қадам, ол Қазақстандағы киберспорттық қоғамдастықты дамытуға жүйе құрушы серпін беріп қана қоймай, көптеген жас таланттарды ашады. Жобаның мақсаты ЖОО студенттері арасында киберспорт пәндері бойынша турнирлер ұйымдастыру және өткізу, студенттік киберспортты танымал етуге жәрдемдесу және оның түрлерін дамыту болады. Киберспорт бойынша студенттер лигасы тұрақты негізде өтетін болады және төрт маусымнан тұрады.

Бірінші маусым 2020 жылдың қазан айында басталады. Оған Студенттік киберспорт бойынша Ұлттық қауымдастыққа мүше жеті университеттің құрамалары қатысады: Astana IT University, AUES, IITU, KBTU, KazNU, Satbayev University, UIB. Бірінші маусымның жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрайды.

Жоғары оқу орындары үшін студенттік киберспорт бойынша Ұлттық қауымдастыққа кіру турнирдің екінші маусымынан бастап ашылады.

***

 «Студенттік киберспорт бойынша ұлттық қауымдастық» ЗТБ (National Esports Student Association) «Халық» қайырымдылық қорының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетімен және Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қорымен бірлесіп, Qazaq Cybersport Federation қолдауымен құрылды.

Еліміздің ірі және беделді жоғары оқу орындарын біріктіретін National Esports Student Association жобасының қатысушыларының бастамасы студенттік аудиторияның Олимпиадалық ойындарға және жалпы спортқа деген қызығушылығын арттыруға, студенттік ортада олимпиадалық құндылықтарды ілгерілетуге және спорт мәдениетін танымал етуге жағдай жасауға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінде аккредиттелген Qazaq Cybersport Federation турнирлер ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және студенттік командалардың үлкен киберспорт әлеміне жол ашады.

Байланысушы тұлға:

Асель Абдрахманова +7 701 999 31 37