2021 жылғы 5 наурызда сағат 15:00-де Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ «Жасыл Академия» ҒБО-мен және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп Google Meet пікірталас алаңында вебинар өткізеді

2021 жылғы 5 наурызда сағат 15:00-де Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ «Жасыл Академия» ҒБО-мен және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп Google Meet пікірталас алаңында вебинар өткізеді

03.03.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылғы 5 наурызда сағат 15:00-де Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті «Жасыл Академия» ҒБО-мен және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп Google Meet пікірталас алаңында «ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СЕКТОРДЫ КӨМІРТЕКСІЗДЕНДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ» тақырыбына вебинар өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның энергетика секторының көміртексыйымдылығын реттеудің экономикалық тетіктерін талқылау және төмен көміртекті дамуының стратегиясына (тұжырымдамасына) ұсыныстар әзірлеу.

Алғысөз сөйлейтіндер:

Ахметжан Примкулов мырза – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі;  

Др. Коллей Хольгар – Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасы Елшісінің Тұрақты өкілі

Сауле Сагинтаева АЭжБУ ректоры;  

Ақпараттық бөлімде сөз сөйлейтіндер:

Вебинарға Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі, GIZ, Green Finance Centre, «ҚазМұнайГаз» ҰК, «Парасат» ҒТО, бизнес пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысады деп күтілуде.

Талқылау нәтижелері бойынша Қазақстанның төмен көміртекті дамуы стратегиясына (Тұжырымдамасына) ұсыныстар қабылданатын болады.

Іс-шараға тіркелу: https://formdesigner.ru/form/view/145394

Google Meet ПЛАТФОРМАСЫ: meet.google.com/tpr-wdde-fuo

Іс-шара бағдарламасының жобасы

Өту мекенжайы: Алматы қ.

Күні мен уақыты: 2021 ж. 5 наурыз, сағ. 15:00-17:00.  

Байланыс телефондары: Мадина Салыковна, 87017347758

Лаура - 87025475045

Бағдарлама