11 наурызда «Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ» КеАҚ-да Honeywell компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

11 наурызда «Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ» КеАҚ-да Honeywell компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

12.03.2021 Барлық жаңалықтар


11 наурызда «Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ» КеАҚ-да Honeywell компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

11 наурызда АЭжБУ КеАҚ-да Honeywell компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Honeywell көп салалы корпорациясы өнеркәсіптік технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен айналысады және Fortune журналы құрастырған әлемнің жетекші 100 компаниясының қатарына кіреді. Корпорация аэроғарыштық техника, арнайы материалдар, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ғимараттар үшін басқару жүйелері өндірісі сияқты салаларда өнімдер ұсына және қызметтер көрсете отырып, бүкіл әлем бойынша тапсырыс берушілерге қызмет көрсетеді.

Кездесу барысында «Электр энергетикалық жүйелер» кафедрасының оқытушысы Олжас Баймаханов АЭжБУ КеАҚ-ның Электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы әзірлемелері мен жобалары туралы хабардар етті. Honeywell өкілдері өз кезегінде өндірістің Электр энергетикасы және мұнай-газ салаларында іске асырылған жобаларымен бөлісті.

Кездесуде бірлескен ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ нақты жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.