АЭжБУ ғалымдары оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметіне елеулі үлес қосқандары үшін ведомстволық наградаларға ие болды

АЭжБУ ғалымдары оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметіне елеулі үлес қосқандары үшін ведомстволық  наградаларға ие болды

13.04.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылғы 12 сәуірде Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты онлайн жиналыста Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.К. Аймағамбетов қазақстандық ғалымдардың еңбегін жоғары бағалады, олардың ішінде оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметіне елеулі үлес қосқандары үшін ведомстволық наградаларға ие болған біздің университеттің қызметкерлері атап өтілді:

  1. ф.-м.ғ.д., профессор Сейткерим Бимурзаев –  «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен;  
  2. т.ғ.д., профессор Константин Самсонович Иванов – «Еңбек ардагері» медалімен;
  3. т.ғ.к., профессор Сахыбай Тынымбай «Еңбек ардагері» медалімен.

Біздің ғалымдарымызға және АЭжБУ ұжымына жаңа жетістіктер, мақсаттылық және маңызды нәтижелер тілейміз!