2021 ЖЫЛҒЫ 4 МАМЫРДА САҒАТ 10:00-ДЕ MEDSUPPORTKZ ДӘРІГЕРЛЕРІ МЕН ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЭКСКЛЮЗИВТІ ТҮРДЕ АЭжБУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІНЕ CЛVID-19 ВАКЦИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ЛИКБЕЗ ӨТКІЗЕДІ

2021 ЖЫЛҒЫ 4 МАМЫРДА САҒАТ 10:00-ДЕ MEDSUPPORTKZ ДӘРІГЕРЛЕРІ МЕН ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЭКСКЛЮЗИВТІ ТҮРДЕ АЭжБУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІНЕ CЛVID-19 ВАКЦИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ЛИКБЕЗ ӨТКІЗЕДІ

30.04.2021 Барлық жаңалықтар


Қазақстанда күн сайын коронавирустық инфекциямен ауырғандар саны артып келеді. Олардың басым бөлігі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі. Пандемиямен күресуде бір ғана жол бар - бұл COVID-19 вакцинациясы және сақтық шаралары.

Вакцина тиімді ме? Вакцинацияға қандай көрсеткіштер бар? Вакцинацияға қандай қарсы көрсетілімдер бар? Осы және басқа да көптеген өзекті сұрақтарға MEDSUPPORTKZ қауымдастығының дәрігерлері мен ғалымдары тікелей эфирде жауап береді.

2021 жылы 4 мамырда сағат 10:00-де MEDSUPPORTKZ дәрігерлері мен ғалымдар қоғамдастығы Google Meet онлайн платформасында тікелей эфирде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің оқытушылары мен студенттері үшін COVID-19-ға қарсы вакцинация бойынша ликбез өткізеді.

Күні: 04 мамыр 2021 жыл

Уақыты: 10:00

Кездесуге сілтеме

Модератор:

Мукашева Асель – PhD, Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ «Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі

Спикерлер:

Каукенова Ботагоз - медицина докторы, Medsupportkz басшысы

Ускенбаева Динара - ғалым, «Назарбаев Университеті» ДББҰ ғылыми қызметкері, Medsupportkz үйлестірушісі

Муликова Томирис - ғалым, «Назарбаев Университеті» ДББҰ ғылыми қызметкері, Medsupportkz үйлестірушісі

Тұрсунова Ақмарал - құқық қорғаушы, Medsupportkz негізін қалаушы

Акилбекова Дана - PhD, «Назарбаев Университеті» ДББҰ профессоры, Medsupportkz негізін қалаушы