2021 жылдың 5 мамырында "Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті" КЕАҚ мен "Алматы қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" филиалы Серіктестік туралы меморандумға қол қойды

2021 жылдың 5 мамырында

05.05.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 5 мамырында "Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен "Алматы қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" филиалы Серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

Ұйымдар үйірмелер мен секциялар құру арқылы ғарыш бағытын дамыту және танымал ету бойынша ынтымақтастықты жоспарлап отыр: жақын арада Алматы қаласының НЗМ-де оқушылар үшін зымыран ғылымы мен ғарыш инженериясын оқыту ұйымдастырылатын болады, бұдан басқа, тақырыптық конкурстар, фестивальдер, слеттер, дәрістер, мастер-кластар, семинарлар мен тренингтер өткізу жоспарда бар.

Бұл ынтымақтастық оқушылардың жеке білімін дамытуға, қосымша және орта білім беруді интеграциялауға, мотивациялық білім беру ортасын жобалауға, әркімнің әлемдік білім мен технологияларға қолжеткізуі үшін жағдай жасауға, сондай-ақ тұрғылықты жеріне қарамастан балалардың қосымша жалпы білім беру бағдарламаларына қатысу құқығын қаржылық қолдау тетігін құруға ықпал етеді.