AUES FEST 2021 зияткерлік фестивалінің қорытындысы шығарылды

AUES  FEST 2021 зияткерлік фестивалінің қорытындысы шығарылды

06.05.2021 Барлық жаңалықтар


6 мамыр күні көптен күткен  AUES  FEST   зияткерлік фестивалі аяқталды. Конкурсқа Қазақстанның түрлі қалаларынан 600-ден астам талапкер қатысты. Фестиваль аясында қатысушылар бейнеролик түсіріп, онда " Мен неге осы білім беру бағдарламасын таңдаймын?" сұрағына жауап берді. 

AUES FEST-тің финалдық және қорытынды кезеңі бүгін өткізілді. Конкурсқа қатысушылар Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті институттарының директорларымен сұхбатқа шақырылды, онда олар үлгерімдері мен қызығушылықтары туралы сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ бірнеше логикалық тапсырмаларды шешті.

Фестиваль қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар:

1 орын: Әлімжан Бейсен  —   барлық оқу кезеңіне грант иегері
2 орын: Диана Сыздықова —    ноутбук иегері
3 орын: Бақтияр Аманғали  —    ұялы телефон иесі

АЭжБУ студенттері армандайтын атаулы эксклюзивті Student's box-ты үздік бейнероликтер үшін алады:

-Акымбекова Азалия
- Сұлтан Маманов
-Арман Айдана

AUES FEST-тің 7 финалистіне бірінші оқу жылына 10% жеңілдік беріледі:

-Динара Кыстаубай
-Султан Маманов
-Зарина Кабдуали
-Римма Амиралиева
-Жания Серикбол
-Меруерт Даулет  
-Абай Мухамбет

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты жеңімпаздарды салтанатты марапаттау 2021 жылдың қыркүйек айында өткізіледі деп жоспарлануда.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және ҰБТ-ны тапсыруда сәттілік тілейміз!