БСИБ-19-1 тобының магистранты Елдос Нурекенді ақпараттық қауіпсіздік бойынша Rubik CTF турнирінің финалына өтуімен құттықтаймыз!

БСИБ-19-1 тобының магистранты  Елдос Нурекенді ақпараттық қауіпсіздік бойынша Rubik CTF турнирінің финалына өтуімен құттықтаймыз!

13.05.2021 Барлық жаңалықтар


Студенттердің міндеті - белгілі бір есептерді басқаларға қарағанда ертерек шешу арқылы "жалауды" басып алу. Финалда қатысушылар виртуалды ұйымның желілік инфрақұрылымындағы мақсаттарды "бұзуы" керек. Capture The Flag жарысы Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізіледі.

Елдос жалғыз өзі 4390 балл жинап, 2021 жылғы 27 мамыр мен 29 мамыр аралығында Нұр-сұлтан қаласында оффлайн форматта өтетін Capture The Flag жарысының финалына өте алды.

Жарыстың финалдық кезеңіне шақыру