2021 жылдың 15 сәуірінде АЭжБУ мен "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2021 жылдың 15 сәуірінде АЭжБУ  мен

17.05.2021 Барлық жаңалықтар


"ҚТЖ" ҰК" АҚ-мен халықаралық гранттық жобаларға бірлесіп қатысу ынтымақтастықтың маңызды аспектісі болып табылады. Ұтқырлық пен тұрақты дамудың ағымдағы және болашақ проблемаларын оңтайлы шешу мақсатында темір жол көлігін дамыту үшін халықаралық темір жолдар одағына (ХТЖО) ғылыми зерттеулерден 5 өтінім берілді.

Сондай-ақ, инновациялық жобалардың корпоративтік акселерациясы бағдарламаларын бірлесіп өткізу, ТЖХО жобалық қызметіне қатысу, кадрларды бірлесіп даярлау, тренингтер, біліктілікті арттыру курстары мен семинарлар өткізу; жобаларды енгізу мақсатында инфрақұрылым мен сарапшыларды пайдалану туралы шешім қабылданды.

Тараптар инновацияларды дамыту, халықаралық темір жолдар одағы шеңберінде бірлескен жобалық қызметті іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.