2021 жылдың 19 мамырында АЭжБУ-да Омар Тұрғанбек атындағы "Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері" ғылыми-техникалық орталығы жанынан "Сымсыз желілердің қауіпсіздігі және криптожүйелерді құру" оқу-ғылыми зертханасының ашылуы өтеді

2021 жылдың 19 мамырында АЭжБУ-да Омар Тұрғанбек атындағы

17.05.2021 Барлық жаңалықтар


АЭжБУ 2025 жылға дейінгі зерттеу үлгісіндегі университетке трансформациялану стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде 2021 жылғы 19 мамырда Омар Тұрғанбек атындағы «Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері» ғылыми-техникалық орталығы жанынан «Сымсыз желілер қауіпсіздігі және криптожүйелерді құру» оқу-ғылыми зертханасының ашылуы өтеді (Орталық жетекшісі – с.ғ.к., ХАА академигі, Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік кафедрасының қауымдастырылған профессоры Р.Ш.Бердібаев).

«Сымсыз желілердің қауіпсіздігі және криптожүйелерді жобалау» зертханасын  Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік кафедрасымен бірлесіп, ғылыми зерттеулерді орындау және «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім бағдарламасының студенттері үшін білім беру процесін ұйымдастыру үшін пайдалану жоспарлануда.

Сондай-ақ практикадан өту үшін «Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері» ҒТО-ға жіберілген «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы және программалық қамтама» білім бағдарламаларының магистранттары жетекшілерімен және орталық қызметкерлерімен бірге зерттеу жұмысымен айналысатын болады.

Өтетін уақыты мен орны: 19.05.2021 ж., сағат 15-00, Б-ғимараты, 311-аудитория.

"Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік"  кафедрасы