«KAZENERGY» қауымдастығы Қазақстанның жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өтетін «StudentDigitalFest» командалық конкурсының екінші маусымы туралы хабарлайды

«KAZENERGY» қауымдастығы Қазақстанның жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өтетін «StudentDigitalFest» командалық конкурсының екінші маусымы туралы хабарлайды

16.06.2021 Барлық жаңалықтар


"KAZENERGY" қауымдастығы Қазақстанның жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы "StudentDigitalFest" командалық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) екінші маусымына қатысу үшін студенттік командалардан өтінімдерді қабылдауды 2021 жылғы 30 маусымға дейін ұзартқаны туралы хабарлайды.

Конкурс серіктестікте және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг B.V.»  қаржылық қолдауымен өткізіледі. Конкурс саланың өндірістік кәсіпорындарында цифрландыру бойынша қолданбалы инновациялық жобалар мен шешімдерді әзірлеуге жастарды ынталандыруға бағытталған.

Конкурсқа қатысу үшін бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқитын 18-25 жас аралығындағы студенттерден құралған командалар шақырылады. Команда қазақстандық жоғары оқу орындарының бірін ұсынуы тиіс (әртүрлі мамандықтар мен оқу курстарына рұқсат етіледі).

Әр ЖОО-дан бірнеше команда қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі шарттарды орындау қажет:

1. 2-ден 4 адамға дейін команда құру;

2. Капитанды таңдап, командаға атау беру;

3. Шешім жобасын әзірлеу үшін конкурстың бір техникалық тапсырмасын таңдау;

4. Шешім жобасын әзірлеу кезінде қолдау көрсету үшін ғылыми жетекшіні таңдау;

5. ЖОО-дан әрбір студенттің (команда мүшесінің) аты-жөнін, факультетін, мамандығын және оқу курсын көрсете отырып, оқығанын растау туралы анықтама алу;

6. Конкурсқа өтінімдер www.kazenergy.com  сайтында қабылданады – Қызметтер – Білім беру бағдарламасы – Командалық конкурстар  

– SDF-2021 командаларын  тіркеу 2021 жылдың 17 мамырынан бастап 17 маусымына дейін жүргізіледі.

Сауалнаманы бірінші команда капитаны толтыруы керек, содан кейін команданың әр мүшесі сауалнаманы жеке толтырады. Сауалнаманы қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде толтыруға болады. Сала, ғылыми және ғылыми-зерттеу ұйымдары өкілдерінің құзыретті қазылар алқасы шешімдердің үздік командалық жобаларын бағалайтын болады.

Конкурстың  жалпы жүлде қоры барлық жеңген командалар үшін 15 000 АҚШ долларын құрайды.

Жоғары оқу орындарының басшыларын студенттердің конкурсқа белсенді қатысуына және олардың конкурсқа тіркелуі үшін оқығанын растау туралы анықтама алуға жәрдем көрсетулеріңізді сұраймыз. Конкурсты ұйымдастыру мәселелері бойынша +7 7172 790174 телефон нөмірі арқылы немесе sdf2021@kazenergy.com эл. поштасы арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

Ереже