«Жаңартылатын энергияның технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша жаңартылатын энергия саласындағы техника және технологиялар бакалавры
Бейіндік пәндер: математика + физика
Оқыту тілі: қазақ, орыс
Оқу бағдарламасының мақсаттары : Жаңартылатын энергия объектілері мен автономды электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау саласында тиісті дағдылары мен құзыреттері бар білікті мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториясы:
- Жаңартылатын энергия объектілерін жобалау және пайдалану;
- Автономды объектілер мен жүйелерді электрмен жабдықтау.
Кәсіби қызмет саласы «Жаңартылатын энергияның технологиялары» білім беру бағдарламасының кәсіптік қызмет саласы жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) жобалауға, орнатуға, іске қосуға және пайдалануға бағытталған технологиялардың, құралдардың, әдістердің кешенін қамтитын ғылым мен техника болып табылады.
Кәсіби қызмет объектілері
«Жаңартылатын энергияның технологиялары» білім беру бағдарламасының түлектерінің кәсіби қызмет көрсету нысандары келесілер болып табылады:
- жаңартылатын және балама көздерге негізделген энергетикалық кәсіпорындар;
- жаңартылатын энергия өндірісінің нысандары және оларды релелік қорғауы және автоматикасы;
- өнеркәсіптік кәсіпорындар мен елді мекендерді жаңартылатын энергия көздері арқылы электрмен және жылумен қамтамасыз ету;
- алыс жерде орналасқан тұтынушыларды жаңартылатын энергиямен қамтамасыз ету
Кәсіби қызмет пәндері
- Шағын гидроэнергетика және су ресурстары; - Күн энергиясының түрлендіргіштері;
- Жел энергетикасы және жел электр қондырғылары;
- Күн және жел электр станцияларын жобалау;
- Жаңартылатын энергия көздерінің автономды жүйелері және таратылған генерация;
- Күн және жел электр станцияларының негізгі энергетикалық жабдықтары;
- Ауа-райы деректерін пайдаланып ЖЭК потенциалын талдау және болжаужәне т.б.
Кәсіби қызмет міндеті
- таза энергияны пайдалану, оңтайландыру және өндіру мақсатында жасыл энергетикамен байланысты таза энергетикалық технологияларды қолдану және біріктіру.
- жаңартылатын энергия көздері, ЖЭК электр станциялары, оларды релелік қорғау және басқару жүйелерін автоматтандыру жөніндегі жобаларды әзірлеу;
- ЖЭК электр станцияларына техникалық-экономикалық және экологиялық талдау жүргізу;
- ЖЭК электр станцияларына техникалық-экономикалық және экологиялық талдау жүргізу.
Материалдық-техникалық база
Студенттер заманауи стендтермен, макеттермен, бақылау-өлшеу аспаптарымен және компьютерлермен жабдықталған оқу зертханаларында оқиды:
- "Жаңартылатын энергия көздері және энергия үнемдеу" оқу-зерттеу зертханасы, жел электр қондырғылары бойынша заманауи зертханалық стендтері бар, желіде және автономды режимде, күн фотоэлектрлік жүйелерде жұмыс істейді.
-электр машиналары бойынша оқу-зерттеу зертханалары; электр станциялары, электр желілері мен жүйелері, электр энергетикалық жүйелерді релелік қорғау, электрмен жабдықтау, электр аппараттары, түрлендіру техникасы, Электр техникалық материалдар бойынша;
- төмен және орташа кернеулі электр аппараттарының зертханалары;
- институттың салалық зертханаларының тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғылары;
- Siemens, АВВ, ЭКРА, Schneider electrik электр жабдықтарын жетекші өндірушілердің сандық релелік қорғаныс терминалдары;
- АВВ, Таврида Электрик, Schneider elektrik, Moeller, Siemens, ІЕК фирмаларында 1000 В дейін және одан жоғары коммутациялық жабдықтар;
- компьютерлік теледидар аудиториялары және арнайы Power Factory DigSILENT, CHVlaboratory, PS CAD, RastrWIN, MatCad, MatLab және басқа бағдарламалық жасақтамасы
Жұмысқа орналасу нұсқалары :
Біздің бітірушілер Қазақстанның төменде көрсетілген ірі өндірістік кәсіпорындарында әртүрлі лауазымда қызмет етуде:
- «Самұрық-Энерго» АҚ;
- "KEGOC" АҚ;
- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ;
- «АлЭТ» АҚ;
- «Alageum Electric» компаниясы;
- «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ;
- «Алматы электр механикалық зауыты» ЖШС;
- «Казэлектр монтаж» АҚ;
- «Алматы электр транс» ЖШС;
- «Шнейдер Электрик» ЖШС;
- «Siemens» ЖШС;
- «АВВ» компаниясы;
- Аймақтық энергетикалық кәсіпорындар және т.б.
- Капшагай Күн ЭС,
- Ерейментау Жел ЭС