Қуатты «Өнеркәсіптік автоматтандыру бойынша құзыреттілік орталығы» электр энергиясын басқару және автоматтандыру саласында цифрлық шешімдерді ұсынуда әлемдік көшбасшы «Шнайдер электрик» компаниясының көмегімен «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының базасында ашылды. Оқу және зерттеу мақсаттарына арналған стендтер басқару міндеттерінің барлық спектрі үшін сәтті қолданылатын контроллерлер негізінде жасалады, қашықтағы периферияны қосуға арналған арнайы модульдерге ие және кез-келген автоматтандыру жүйесіне кірігудің кең коммуникациялық мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.