Биотехникалық және медициналық жүйелер мен құрылғылар



«Биотехникалық және медициналық жүйелер мен құрылғылар» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры


Бейіндік пәндер: математика және физика


Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын

Оқу бағдарламасының мақсаттары : Денсаулық сақтау мекемелері мен кәсіпорындар үшін медициналық техниканы әзірлеу, жасау және медициналық жүйелерді, кешендер мен құрылғыларды пайдалану мен техникалық қызмет көрсету үшін жоғары білікті мамандарды даярлау.


Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториясы:

«Биотехникалық және медициналық жүйелер мен құрылғылар» білім беру бағдарламасы А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығымен бірлесіп жүзеге асырылады


Кәсіби қызмет саласы - медициналық техникаға қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу; - диагностикалық зерттеу; - биотехникалық және медициналық жүйелер үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу; - биомедициналық жүйелер мен кешендерді автоматтандыру; - биотехникалық және медициналық жүйелердегі менеджмент; - автоматтандыру және IT компаниялары.


Кәсіби қызмет объектілері
«Биотехникалық және медициналық жүйелер мен құрылғылар» мамандығын игеріп қазіргі заманғы медицина техникаларын ойлап табу, жөндеу, оларға қызмет көрсетуге бейімді жоғары білікті маман болып шығасыз. Мұндай білікті мамандар Қазақстанның барлық аймақтарына орналасқан медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған ірі емдеу медициналық мекемелері мен шағын медициналық орталықтар, спорттық-сауықтыру орталықтары, биологиялық станциялар, курорттық және санаториялық ұйымдарға өте қажет. Мұндай маманның болашағы медицина саласында өте зор. Шет елдерде биотехникалық және медициналық жүйелер бойынша мамандарды техникалық университеттер медициналық ұйымдармен бірлесе отырып дайындайды. Қазақстанда жоғары оқу орындары медицина саласында инженерлік кадрларды даярлаумен айналыспаған. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті бұл салада бірінші бастаушы.


Кәсіби қызмет пәндері
«Биотехникалық және медициналық жүйелер мен құрылғылар» білім беру бағдарламасының мазмұны тек биотехнология мен медицинаға қатысты салаларда ғана емес, автоматтандыру, цифрландыру, басқару жүйелері мен ІТ-технологиялар қажет болатын басқа салаларда да табысты жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламасы аясында кәсіптік қызметтің көптеген салаларында білім талап етілетін Математика; Физика; Электротехниканың теориялық негіздері; Электроника; Инженерлік бағдарламалау технологиялары; Басқару жүйелеріндегі мәліметтер базасы; Қолданбалы механика; Метрология, стандарттау және сертификаттау; Басқару жүйелеріндегі ақпараттық қауіпсіздік; Цифрлық технология мен микроконтроллерлерді бағдарламалау; Ақпаратты көрсету жүйелері және т.б. пәндер оқытылады. Оқу бағдарламасының құрамына медицинаға қатысты Анатомия, Тірі жүйелердің биофизикалық негіздері, Медициналық технологиядағы материалтану, Компьютерлік томографияның математикалық негіздері, Денсаулық сақтаудағы автоматтандырылған жүйелер, Сынақтық зерттеулердің әдістері мен технологиялары, Диагностикалық жабдық, Медициналық бұйымдар, құрылғылар, жүйелер және кешендер, Медициналық құрал-жабдықтарды компьютерлік жобалау жүйелері және т.б. пәндер кіреді.


Кәсіби қызмет міндеті

«Биотехникалық және медициналық жүйелер мен құрылғылар» білім беру бағдарламасы жоғары қабілетті білікті мамандарды келесі салалар бойынша дайындайды:

- компьютерлік жүйелер мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді және пайдалануды жүзеге асыратын әртүрлі медициналық мекемелерге, Төтенше жағдайлар министрлігінде (ТЖМ), заманауи медициналық бұйымдарды әзірлеумен, өндірумен және пайдаланумен айналысатын фирмалар мен шағын кәсіпорындарға;

- медициналық құрылғылар мен жүйелерді жобалаутын кәсіпорындарға;

- медициналық ақпараттық жүйелер мен биотехникалық автоматтандыру жүйелерін әзірлейтін кәсіпорындарға;

- тәжірибелік денсаулық сақтауда және биомедициналық зерттеулердің әртүрлі бағыттарында терапевтік әсерлерді, ақпаратты өңдеуді зерттеу әдістерін әзірлеуде.


Материалдық-техникалық база

1. «Биотехникалық және медициналық жүйелер мен құрылғылар» білім беру бағдарламасы бойынша кадрларды даярлауды«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы жүзеге асырады. Кафедра құрамына қазіргі заманғы компьютерлік технологиялармен, бағдарламалық қамтамасыз етумен әлемге белгілі National Instruments, Honeywell, Siemens, Schnelder Electric өндірушілердің жабдықтарымен жабдықталған 9 оқу-ғылыми орталықтар мен зертханалар кіреді.

2. «Биотехникалық және медициналық жүйелер мен құрылғылар» білім беру бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру бойынша университет серіктесіА.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы келесі негізгі бағыттар бойынша заманауи диагностикалық және емдік жабдықтарға ие: Жалпы хирургия; Гепатопанкреатобилиарлық хирургия; Кеуде және балалар хирургиясы; Оперативті гинекология; кардиохирургия; Қан тамырлары хирургиясы; рентген хирургиясы және интервенциялық кардиология; қалпына келтіру және пластикалық микрохирургия; эстетикалық хирургия; Асқазан-ішек жолдарының хирургиясы; урология және нефрология; Бауыр мен бүйректі трансплантациялау.


Жұмысқа орналасу нұсқалары :

1. Биотехникалық және медициналық технологияларды, жүйелер мен құрылғыларды қолданатын Қазақстанда орналасқан 3000-нан астам медициналық, сауықтыру ұйымдары мен компанияларында;

2. Қазақстанның ірі медициналық кәсіпорындарында: АО «Актюбрентген» , ТОО “Kazmedpribor holding”, ТОО “Экофарм интернейшнл”, ТОО “Медстарэкспорт”, ТОО “Kазмедприбор”, ТОО “Medtrading”, ТОО “Барк технолоджи”, ТОО “Juldyz kenan co., ltd”, ТОО “Marai e7 group”, ТОО “Aлмерек”, ТОО “Pахимзаде”, ТОО “Almerek plus”, ТОО “Med365”, ТОО “Innovative production group”, Товарищество с дополнительной ответственностью “Bik orken”, ТОО “Kazmedpribor астана”, ТОО “Picasso dentallab”, ТОО “Rembrand”, ТОО “Oралмедрегион”, ТОО “Cветоком плюс”.