Бизнес-процестерді автоматтандыру және басқару



"Бизнес-процесстерді автоматтандыру және басқару" мамандығы бойынша Техника және технология бакалавры


Бейіндік пәндер: математика және физика


Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын

Оқу бағдарламасының мақсаттары : Бизнес-процестерді басқару бойынша алған білім көлемін жеңіл қолдана білетін, сонымен қатар, кез келген, соның ішінде импорттық техниканы, өзінің кәсіби саласында кездесетін кез келген техникалық жүйені меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау


Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториясы:

«Бизнес-процестерді автоматтандыру және басқару» міндетті, оның ішінде университет құрамдас бөлігінен, ауыспалы, түзету және ұйымдастыру бөліктерінен тұратын жеке білім беру траекториясына ие.


Кәсіби қызмет саласы энергетикалық, технологиялық, конструкторлық, эксплуатациялық, эргономикалық және экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, өндірістік және қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың бизнес-процестерін автоматтандыру және ақпараттандыру жобаларын әзірлеу, модельдеу және енгізу.


Кәсіби қызмет объектілері
 Өндірістік кәсіпорындар;  Отын-энергетика кәсіпорындары;  Жобалау, енгізу немесе қызмет көрсету компаниялары;  Мемлекеттік және аймақтық құрылымдар;  Әртүрлі деңгейдегі банктер және басқа да қаржылық құрылымдар;  Шағын және орта бизнес және т.б.


Кәсіби қызмет пәндері
Инновациялық менеджмент және маркетинг, Автоматтандыру тапсырмаларындағы бағдарламалау технологиялары, Автоматтандырудың техникалық құралдары, Метрология, стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару, Python тілінде жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету және бағдарламалау, Бизнес-процестерді бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, Автоматты басқару жүйелері, Басқару есебі және аудиті, Ақпаратты жинау және беру негіздері, Қаржы менеджменті, Ақпараттық технологиялар және бизнес-процестерді басқару, Кәсіпорындарды басқарудың аппараттық және бағдарламалық құралдары, Басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық жүйелер, Жобаларды басқаруды автоматтандыру, Басқару жүйелеріндегі деректер базалары, Бизнесті басқару жүйелерінің процестерін математикалық модельдеу және жобалау , Басқару жүйелеріндегі ақпараттық қауіпсіздік, Оңтайлы басқару әдістері, Бизнес-процестерді оңтайландыру, Өндірістік жоспарлауды автоматтандыру, Кәсіпорын ресурстарын бөлуді автоматтандыру, SCADA жүйелерін құру, Автоматты басқару жүйелерін есептеу, Кәсіпорынның бизнес-процестерін автоматтандыру жүйелері - 1С: Кәсіпорын, Бизнесті автоматтандыру процестері: тұтынушыларды және персоналды басқару жүйелері (CRM және WFM жүйелері), өндірістік процестерді автоматтандырылған басқару жүйелері.


Кәсіби қызмет міндеті

«БПАБ» БББ түлегі келесі кәсіби міндеттерді орындауға қабілетті кез келген бейіндегі кәсіпорындарда жұмыс істеуге дайын:


Материалдық-техникалық база

Оқу бағдарламасы автоматтандыру және басқару кафедрасының базасында жүзеге асырылады, оның құрамына 8 оқу зертханасы кіреді:


Жұмысқа орналасу нұсқалары :

Ғ.Дәукеев атындағы АУЭС-тің «Бизнес-процестерді автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша білім алған түлектері жұмыс істей алатын компаниялар:

- қазақстандық және шетелдік компаниялар – Siemens, Schneider Electric, ABB, Honeywell, Aries, Air Astana, Saiman Corporation, Қазақтелеком, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазпочта» АҚ, Филипп Моррис Қазақстан» және т.б.;

- өнеркәсіп алпауыттары – Қазақмыс; Қазхром; «Қазцинк МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» АҚ,

- мұнай-газ секторы - Теңізшевройл; Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг; ҚазМұнайГаз; Қазтрансгаз; «Ақтөбемұнайгаз»; Атырау, Павлодар және Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыттары;

- банк секторы – «Халық банкі», «Kaspi Bank», «Банк ЦентрКредит»