Мұнай және газ айдау кешендерін энергиямен жабдықтау



В062 «Мұнай және газ айдау кешендерін энергиямен жабдықтау» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.


Бейіндік пәндер: математика, физика


Оқыту тілі: қазақ, орыс

Оқу бағдарламасының мақсаттары : Мұнай мен газды тасымалдау, сақтау жүйелерін пайдалану кезінде мұнай-газ саласындағы өндірістік кәсіпорындардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін сұранысқа сәйкес мамандарды даярлау


Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториясы:

- Мұнай, газ және мұнайды өңдеу өнімдерін тасымалайтын, сақтайтын нысандарды пайдалану және қызмет көрсету; - Мұнай мен газды тасымалдау, тасымалдау техникасы және сақтау


Кәсіби қызмет саласы кен орындарын игеруді, көмірсутектерді: мұнай мен газды, мұнай өнімдерін тасымалдауды және сақтауды қамтитын отын-энергетикалық сегментті қамтиды.


Кәсіби қызмет объектілері
Мұнай мен газ секторында жылуды өндіруші, таратушы және қолданушы технологиялық қондырғыларды пайдаланатын өндірістік кәсіпорындар


Кәсіби қызмет пәндері
-Мұнай-газ технологияларындағы процестер мен агрегаттар (мамандыққа кіріспе); -Мұнай және газ химиясы және тасымал материалтану; -Мұнай мен газды тасымалдау экологиясы; -Электр техникасы және электроника негіздері; -Қолданбалы механика; -Сұйықтар мен газдар механикасы, -Сұйықгазқозғалым; -Техникалық термодинамика; -Жылумаңызлмасу; -Газтурбиналық қондырғылар және компрессорлар станциялары; -Мұнай мен газды тасымалдауға дайындау жүйесі; -Газды және мұнайды тасымалдау және сақтау жүйелері үшін SCADA орнату негіздері; -Газ-мұнай құбырлары-ның құрылымдары мен қоймаларының қауіпсіздігі; -Мұнай және газ айдау кешендерін энергиямен жабдықтау жүйелерінің процестері мен аппараттары; -Мұнай және газ тасымалдау энергетикасындағы метрология, стандарттау және сапаны басқару; -Мұнай және газ айдау кешендерінің технологиялық процестерін басқарудың автоматтандырылған жүйелері; -Мұнай-газ қызметіндегікомпьютерлік үлгілеу; -Мұнай өнімдерін ластанудан тазарту технологиялары; -Мұнай-газ айдау кешендерінің машиналары мен жабдықтарын пайдалану, монтаждау, қызмет көрсету Газ және мұнай құбырлары жабдықтарының диагностикасы және аудиті; -Отын, жағармай және техникалық сұйықтықтар; -Мұнай және газ тасымалдау жүйелерінің жабдықтарын жобалау; -Мұнай мен газды тасымалдаудың энергия үнемдейтін технологиялары; -ОЭК экономикасы; Энергетика экономикасы және т.б.


Кәсіби қызмет міндеті

а) Өндірістік-технологиялық қызмет:

- мұнай мен газды құбырмен тасымалдау, газды жерасты газ қоймасында сақтау технологиялық процестерін іске асыру;

- мұнай мен газды құбырмен тасымалдауда, гахзды жерасты газ қоймасында сақтауда қолданылатын технологиялық жабдықтарды пайдалану және оларға қызмет көрсету; мұнайды, мұнай өнімдерін және сұйытылған газдарды сақтау және тапсырысқа беру;

- технологиялық процестерді жүргізу;

- көмірсутектерді тасымалдау және сақтау бойынша технологиялық регламентке сәйкес техникалық жұмыстарды орындау;

- мұнай-газ жабдықтарын пайдаланудың техникалық және технологиялық құжаттамасын жасау;

- жылу және электрмен жабдықтау жүйелерін, өндірістік кәсіпорындар цехтарын және мұнай-газ секторы объектілерін жобалау үшін ақпараттық бастапқы деректерді жинау және талдау;

 

б) Ұйымдастырушылық-басқару қызметі:

- мұнай мен газды құбырмен тасымалдауды, газды, мұнайды, мұнай өнімдерін және сұйытылған газдарды жер асты қоймасында сақтау және өткізу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және басқару;

- мұнай мен газды құбырмен тасымалдауды, газды жерасты сақтауды, мұнайды, мұнай өнімдерін және сұйытылған газдарды сақтауды және өткізуді жоспарлау, ұйымдастыру және пайдалануды басқару процестерін құжаттау;

- мұнай және газ құбыры көлігінің қызметін талдау;

- әзірленген жобалар мен техникалық құжаттаманың стандарттарға, техникалық шарттарға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін бақылау;

- технологиялық жабдықты орналастыру, техникалық жарақтандыру және жұмыс орындарын ұйымдастыру, қолданыстағы әдістер мен нормативтер бойынша  жүктелген жабдықтардың өндірістік қуаттарын есептеу;

- кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесінің жұмысына қатысу;

- ұйымдастырушылық-техникалық құжаттаманы құрастыруға  (жұмыс кестелері, нұсқаулар, жоспарлар, бағалаулар) және белгіленген формалар бойынша ақпар беруге қатысу;

 

в) Эксперименттік зерттеу қызметі:

- мұнай және газды құбырмен тасымалдау саласындағы процестер мен технологиялық ақпараттарды, техникалық құрылғыларды талдау;

- мұнай айдау технологиялық жабдықтарын есептеу, жобалау және жаңғырту, жобалық, техникалық, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы дайындауға қатысу; 

- мұнай мен газды құбырмен тасымалдау саласында өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін қолдану; жерасты газын сақтау, мұнайды, мұнай өнімдерін және сұйытылған газдарды сақтау және өолданысқа беру;

- регламенттелген   әдістерге негізделген мұнай мен газды тасымалдаудың технологиялық процестері мен техникалық құрылғыларында эксперименттік зерттеулер жүргізу.

 

г) Жобалық іс-шаралар қызметі:

- мұнай мен газды тасымалдау, газды  жерасты қоймада сақтау, мұнайды, мұнай өнімдерін және сұйытылған газдарды сақтау және тапсырысқа өткізу жұмыстары үшін алғашқы деректерді жинау және белгіленген формада ұсыну;

- қолданбалы бағдарламаларды пайдалану незінде мұнай мен газды құбыр арқылы тасымалдауды қамтамасыз ету жұмыстарын жобалау, есептеу;  

- типтік жобаның белгіленген талаптарына сәйкес  жобалық, технологиялық және жұмыс құжаттарын құрастыру;

- мұнай және газ өндірісіндегі сапаны басқарудың жобалық шешімдерін дайындауға қатысу;

- мұнай және газ өндіру процестерін пайдалану, модельдеу, жобалау үшін сандық технологиялар мен қолданбалы бағдарламалар (MathCAD, AutoCAD, Labview, SCADA) енгізуді қамтамасыз ету және ақпараттық технологияларды енгізудің экономикалық тиімділігін бағалау.


Материалдық-техникалық база

A229 - «Энергия тасымалдағыштарды өндіру және тарату жүйелері»

A230 - «Басқару жүйелерін үлгілеу және зерттеу»;

Б132- «Жылутехнологиялық процестер мен қондырғылар»

А231- «Техникалық суды дайындаудың және мұнай өнімдерін зерттеудің физика-химиялық әдістері»

А 413 - «Жылуэнергетиканың құрылымдық материалдары»

B134 - «Жылутехникалық өлшеулер және бақылау»


Жұмысқа орналасу нұсқалары :

АҚ «ҚазТрансОйл» - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. АҚ «ҚазТрансОйл» өндірістік қуаттары - Қазақстанның Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан қалаларында, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан;

АҚ «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», Ақтөбе қ.; АҚ «Қаражанбасмұнай» Ақтау қ.; АҚ«ҚазНИПИмұнайгаз» Ақтау қ.; АҚ «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»  Қызылорда қ.; АҚ «Ембімұнайгаз», Атырау облысы, Құлсары қ.; ЖШС «Бузачи Нефть» Ақтау қ.; АҚ «ҚазТрансГаз Аймақ» Алматы қ.