Электр энергетикасы



6B07101 «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры


Бейіндік пәндер: математика + физика


Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын

Оқу бағдарламасының мақсаттары : Отандық және әлемдік электр энергетикасы саласы үшін кәсіби қызметте қажетті инновациялық теориялық және практикалық білімі, іскерліктері мен дағдылары бар жоғары білікті кадрларды даярлау. Білім беру бағдарламасы электр энергетикасының және экономика салаларының барлық электр энергетикалық бөлімшелерінің жұмыс істеу тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.


Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториясы:

- Электр станциялары; - Электр тораптары мен жүйелері; - Релелік қорғаныс және аварияға қарсы автоматика; - Инфрақұрылым объектілерін электрмен жабдықтау және энергияны үнемдеу; - Цифрлық басқаруы бар электромеханикалық түрлендіргіштер; - Жаңартылатын энергия көздері; - Smart Grid Design.


Кәсіби қызмет саласы Кәсіби қызмет ету саласы қызмет көрсетудің әдістері мен тәсілдерінен тұратын технологиялар мен құралдардың жиынтығынан құралған электр энергияны өндіру тарату және жеткізу, тұтыну шарттарын жасауға бағытталған, техника мен ғылым саласы болып табылады


Кәсіби қызмет объектілері
Бітірушілердің кәсіби қызмет көрсету нысандары электр энергиясын өндіретін, тартатын және тұтынатын кәсіпорындар болып табылады


Кәсіби қызмет пәндері
- электр станциялары; - әр түрлі кернеу деңгейіндегі электр тораптары мен жүйелері; - электр энергетикалық жүйелерінің релелік қорғанысы мен автоматизациясы; - әр түрлі өнеркәсіп салаларындағы кәсіпорындарды электрмен жабдықтау; - қайта жаңғыртылатын және дәстүрден тыс энергия көздері; - электр механика; - жарық техникасы және жарық көздері; - технологиялық кешендердің электр жетегі мен автоматизациясы


Кәсіби қызмет міндеті

- Электр станцияларымен қосалқы станциялар, электр тораптары және жүйелері, электр энергетикалық жүйелерінің релелік қорғанысы және автоматикасы, кәсіпорынды электрмен жабдықтау,  қайта жаңғыртылатын және дәстүрден тыс энергия көздері, электр механика, электр оқшауланған және кабелдік техника, электр технологиялық қондырғылармен жүйелер, жарық техникасы және жарық көздері, технологиялық кешеннің электр жетегі және автоматизациясы бойынша жобаларды өңдеу;

- шаруашылық және басқа да қызметтегі кәсіпорындарға сараптама және энергетикалық аудит жүргізу;

- электр тораптарына техника-экономикалық және экологиялық талдау жүргізу


Материалдық-техникалық база

-  электр материалдары, электр машиналары, электр аппараттары, электрмен жабдықтау, түрлендіру техникасы, электр станциялары, электр желілері мен жүйелері, электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы бойынша оқу-зерттеу зетрханалары;

- жоғарғы кернеулі қондырғыларды сынақтан өткізуге арналаған  "TUR"  (Германия) фирмасының оқу-зертханалық  стендтік кешені және жоғарғы кернеулі электр қондырғылардың жағдайын бағалайтын қазіргі заманғы құралдар;

- релелік қорғаныстың зауыттық бағанасы; Siemens; АВВ, ЭКРА, Schneider elektrik фирмаларының сандық релелік қорғанысы;

-  компьютерлік-телевизиялық аудиториялар  және арнайы бағдарламамен қамтамасыз етілген компьютерлік зертханалық  класстар;

- АВВ, Таврида Электрик, Schneider elektrik, Moeller, Siemens фирмаларының кернеуі 1000 В-қа дейін және одан жоғары коммутациялық қондырғылары;

- электромонтер жұмысшы  мамандығын оқытуға арналған монтаждық шеберханалары
- «Energy Net» зертханасы
- Siemens оқу орталығы


Жұмысқа орналасу нұсқалары :

- өз қызметінде электр энергиясын пайдаланатын кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарда;

- энергия өндіруші кәсіпорындарда, басқару және қызмет көрсету аймақтық энергетикалық мұнай газ өндіретін және мұнай өңдейтін компанияларда, жобалау институттарында;

- қызмет көрсету, қондырғыларды орнату, жөндеу-реттеу және жобалау жұмыстарымен  айналыса отыра кәсіпорындардың әртүрлі бөлімдерінде және әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеуге болады.

Біздің бітірушілер Қазақстанның төменде көрсетілген ірі өндірістік кәсіпорындарында әртүрлі лауазымда қызмет етуде:

- «Самұрық-Энерго» АҚ;

- "KEGOC" АҚ;

- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ;

- «АлЭТ»  АҚ;

-  «Alageum Electric» компаниясы;

- «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ;

- «Алматы электр механикалық зауыты» ЖШС;

- «Казэлектр монтаж» АҚ;

- «Алматы электротранс» ЖШС;

- «Шнейдер Электрик» ЖШС;

- «Siemens» ЖШС;

- «АВВ» компаниясы;

  -  Аймақтық энергетикалық кәсіпорындар және т.б.

ENERGO UNIVERSITY