Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында


12.02.2019 Все объявления


Алматы энергетика және байланыс университетінің Қазақстан тарихы және мәдениеті кафедрасы Ұлы Отан Соғысы Жеңісіне арналған Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында»  атты  тақырыптағы

с т у д е н т т і к шығармаларға конкурс жариялайды.

Конкурстың мақсаты:

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Конкурсқа ұсынылатын шығармаларда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ата-бабаларымыздың ерлігі мен тылдағы еңбегі және оған қатысты мемлекетіміздегі ұлт пен ұлыстарды бейбітшілік пен келісімге шақыратын студенттердің ой-толғамы, өткір ойлары, өнегелі өмір туралы (эссе, зерттеу жұмысы, өлеңдер т.б.) мәселелер көрініс табуы керек.

Жұмыс қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, компьютерде (Times New Roman форматта, 14 шрифпен) терілген болуы тиіс.

Конкурсты өткізу тәртібі:

Ұсынылатын шығармалар «конкурсқа қатысу үшін» белгісімен 2019 жылғы 20 сәуірге дейін АЭжБУ, Қазақстан тарихы және мәдениеті кафедрасы Д 405 каб. (b.kabdushev@aues.kz)  қабылданады.

Жеңімпаздарды сараптамалық кеңес анықтайды.

Нәтижесі сәуірдің 26-да анықталып, жеңімпаздар марапатталады.

ENERGO UNIVERSITY