АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


22.11.2018 Все объявления


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 Құрметті әріптестер!

 Алматы энергетика және байланыс университетінің «Қазақстан тарихы және мәдениеті»  кафедрасы 2018 жылдың 29 қараша күні«Астана және әлемнің «ақылды қалалары» тақырыбында  студенттер мен магистранттар арасында ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция жұмысы төмендегі бағыттар  бойынша өтеді:

1  Астаналар мәдени орталықтар ретінде

2 Қалалар: өмір сүрудің жайлы орталықтары

3 Мегаполис: жаңа стандарттардың дамуы

 

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс және ағылшын.

Конференцияға ұсынылатын баяндамалар ғылыми қызығушылық тудырып, практикалық маңызға ие болуы тиіс. 

Материалдарды рәсімдеу тәртібі: Баяндама көлемі: 4 беттен аспауы тиіс, А 4 форматта, мәтіндік редактор Microsoft Word, шрифт Times New Roman, жол арасындағы интервал – 1, кегл 12,азат жол – 1,0 см.  Жиектері: жоғарғы – 2 см, төменгі– 2 см, оң жағы – 2 см, сол жағы – 2 см.

Жұмыс 2018 жылдың 24 карашасына дейін жіберілуі тиіс.

Үздік танылған баяндамалар АЭжБУ-ң дипломдарымен марапатталады.

.

Анықтама телефондары: 8(727)292-57-50; 87076348326.

 

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

ЖАСТАР МЕН ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Ахметов А.Т.

Алматы энергетика және байланыс университеті, ЭЭк-17-1.

Омарова Б.И.

Ғылыми жетекші, т.ғ.к., доцент

 

Мәтін, мәтін, мәтін [1]. Мәтін, мәтін [2, с.5]…………………………………………………………..

 

Пайдаланылған деректер тізімі

 

          Құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

ENERGO UNIVERSITY