17.04.2020 Все объявления
Құрметті студенттер!
Алматы қаласында COVID-19 коронавирустық инфекцияның енуіне және таралуына жол бермеу бойынша карантиннің енгізілуіне байланысты тұрғындардың, оның ішінде жоғары оқу орындары студенттерінің қала бойынша қозғалысын қысқарту үшін шектеу шаралары енгізілді.
" Алматы көлік холдингі" ЖШС деректері бойынша қазіргі уақытта қала бойынша қоғамдық көлікте жоғары оқу орындарының 7 мыңнан астам студенті, соның ішінде, Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ-дің 196 студенті қатынауда!!!
Өте маңызды!!! Еске саламыз!!!
28 наурызда сағат 00.00-ден бастап Алматы қаласының аумағында келесі шектеу шаралары енгізілді:
1. Аса қажеттілік тумаса, қала бойынша адамдар мен көліктің қозғалуын шектеу.
2. Келесі жағдайларды қоспағанда, қала бойынша қозғалу шектелген:
- тұрғылықты мекенжайынан жұмыс орнына дейінгі және кері арақашықтықта жұмыс орнынан анықтамасмен немесе қызмет саласы рұқсат етілген салалар мен түрлер тізімінде бар ұйымдар үшін қызметтік куәлігімен жүру. Ескерту: тексеріс жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс орнынан берілетін анықтамада ұйымның атауы, БСН, қызмет түрі, Жұмыс берушінің (ұйым басшысының) немесе кадрлар бөлімі қызметкерінің Т.А.Ә. және байланыс телефондары, тұрғылықты жері көрсетілген қызметкердің Т.А.Ә. қамтылуы тиіс;
- тіркеу туралы деректерге сәйкес тұратын жеріне тікелей жақын жерден азық-түлік тауарларын дүкеннен сатып алу;
- тіркеу туралы деректерге сәйкес тұратын жеріне тікелей жақын жерден дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу;
- медициналық мекемелерге шұғыл жағдайда ғана шығу;
- үй жануарларын 500 метрден аспайтын радиуста, бір қадамға қол жетімділікпен, тіркеу туралы деректерге сәйкес тұратын жеріне жақын жерде серуендету;
- Төтенше жағдайлар және адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайлар болған жағдайда үйден шығу;
- туысқандарына, таныстарына, көршілеріне, әріптестеріне және т. б. баруға жол берілмейді.
Карантин ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту
Карантинде белгіленген шаралар мен шектеулерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (ӘҚБтК - нің 476-бабы-10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу).
Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған (ҚР ҚК 379 – бабы -2 мың АЕК айыппұл немесе 2 жылға бас бостандығынан айыру).
Абайсызда жаппай ауруға әкеп соққан санитарлық ережелерді бұзғаны үшін (ҚК - нің 304-бабы-2 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу).
Біздің қаланың көшелері құқық қорғау органдары мен ҚР Ұлттық гвардиясының күшімен, сондай-ақ ҚР Қарулы күштерінің бөлімшелерімен тәулік бойы күзетіледі.
Тек осы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтай аласыз және коронавирустың әлемдік пандемиясына қарсы күреске баға жетпес үлес қосасыз.
Университет әкімшілігі АЭжБУ студенттерінің ақылдылығын, ұйымшылдығын және тәртіптілігін көрсететіндігіне сенім білдіреді. Есте сақтаңыз: Сіздің денсаулығыңыз бен оқудағы табыстарыңыз-сіздің қолыңызда!
Денсаулықтарыңызды күтіңіздер және вирустың алдын алу мен одан қорғаудың барлық шараларын сақтаңыздар!
Құрметпен, Ғұмарбек Дәукеев ат. АЭжБУ ректоры С.С. Сагинтаева