21.04.2020 Все объявления


АЭжБУ Coursera For Campus қатысушысы!

Біздің университетті Coursera-ға тіркеуге өтінім берілді. 2020 жылдың 06 сәуірінен бастап Coursera коронавирус пандемиясы кезінде Coursera for Campus жобасына қосылу өтінімін мақұлдады.

«Coursera for Campus» - бұл бүкіл әлемнің оқу орындарына олардың алдына төртінші өнеркәсіптік революция қоятын мәселелер мен міндеттерге жауап беруге көмектесетін қызмет. Іс жүзінде бұл университеттер сервистің оқу курстарын пайдалана отырып, онлайн режимінде оқыта алады дегенді білдіреді. Жүйе 200 жетекші әлемдік университеттер мен салалық оқытушылардан 3,6 мыңнан астам оқу бағдарламасын ұсынады. Әлемнің үздік университеттерінің онлайн курстарын тегін оқуға (сертификат алу мүмкіндігімен) университет студенттері, магистранттары мен докторанттары шақырылады.

Қосымша ақпарат алу үшін Басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институтына хабарласуларыңызды сұраймыз: isuit@aues.kz

ENERGO UNIVERSITY