Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандарды ақылы тәжірибеге алуға дайын


21.05.2020 Все объявления


ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ

Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандарды ақылы тәжірибеге алуға дайын.

Алматыда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда және оның бағыттарының бірі – жастар тәжірибесі.
Осы бағдарламаның арқасында колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері өздерінің алғашқы еңбек тәжірибесін ала алады. Ал кәсіпорындар жақсы мамандарды табу мүмкіндігіне ие болады.

Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы ЖОО-ның жұмыссыз түлектерін «ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ» бағдарламасына қатысуға шақырады.

Жастар тәжірибесі алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында білім беру ұйымдарының түлектері үшін ұйымдастырылады. Түлектер жастар тәжірибесінен әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарда өтеді, олардың ішінде мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ жеке кәсіпорындар: «Консалт Сервис» ЖК, «BEST SYSTEM SOLUTION GROUP» ЖШС, «ATI GROUP» ЖШС бар. Мұндай ұйымдарда жұмыс істеу тәжірибесі жас маманның алдағы уақыттағы мансабы үшін жақсы негіз болып табылады.

Жастар тәжірибесі бұл:

Тәжірибе жинақтауға оқуы аяқталғаннан кейін 3 жыл ішінде 29 жастан аспаған жастар жіберіледі. Жастар тәжірибесінің ұзақтығы – 6 ай. Еңбекақы айына - 69 450 теңгені (салық, міндетті әлеуметтік аударымдар, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы мен банк қызметтерін есептегенде) құрайды, және ай сайын Жұмыспен қамту орталығымен жүзеге асырылады.

Жастар тәжірибесіне жас мамандарды 328 ұйым алуға дайын, кәсіпорындар шамамен 2771 жұмыс орнын ұсынады.

Толық ақпарат алу үшін 224-20-00 және 221-66-11 телефондары бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша бос жұмыс орындары мен ұйымдардың тізімін CZ-ALMATY.KZ сайтының «Жаңалықтар» бөлімінен қараңыз.

ENERGO UNIVERSITY