Ғұмарбек Дәукеев атындағы "АЭжБУ" КЕАҚ жатақханаларынан орын беру


18.08.2020 Все объявления


Ғұмарбек Дәукеев атындағы "АЭжБУ" КЕАҚ  жатақханаларынан орын беру

Жатақханаға мұқтаж барлық бірінші курс студенттеріне АЭжБУ-ге оқуға келген кезде орын беріледі.

Қашықтықтан оқытуға байланысты жатақханаға орналастыру шамамен 2020 жылдың қазан айында болады. АЭжБУ сайтындағы жаңалықтарды қадағалап отырыңыз.

Өтініш беру сілтемесі:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeY7sDxkzDO7uiUqW_MS5U750JAOps_kLjvm0PyY0d9FvqIJQ/viewform?usp=pp_url

1.АЭжБУ жатақханаларында кім тұра алады?

Университет жатақханаларында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша немесе толық төлем негізінде оқитын және Қазақстан Республикасының шалғай облыстарынан келген студенттер, сондай-ақ шет мемлекеттердің азаматтары тұруға құқылы.

2.Жатақханаға орналасу кезінде кім артықшылыққа ие болады?

Бірінші кезекте жатақханадағы орындармен келесі талапкерлер қамтамасыз етіледі:

* I және II топтағы мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, мүгедек балалар, жетім немесе I және II топтағы мүгедек ата-аналары (екеуі немесе біреуі) бар балалар;

* кәмелетке толған кезде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;

* ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға түскен ауыл жастары қатарындағы тұлғалар, сондай-ақ ҚР азаматтары болып табылмайтын оралмандар;

* 18 жасқа дейінгі 3 және одан жоғары көп балалы отбасынан шыққанталапкерлер, онымен қоса оқу кезеңінде 21 жастан аспаған білім алушылар.

• 1-курс студенттері (талапкерлер), одан әрі 2-курс студенттері, сосын 3-курс студенттері және соңғы кезекте 4- курс студенттері орналасады.       

3. Қандай және қай санаттағыларға жеңілдіктер бар?

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қамқорлықтағы (қамқоршылықтағы) балалар қатарындағы талапкерлерден тұру үшін ақы алынбайды.

4. Жатақханаға тұру үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет?

Келесі құжаттарды ұсыну қажет:

* жеке куәлік (көшірме);

* 3 \ 4 фотосурет - 3 дана;

* № 086 медициналық анықтама (көшірмесі немесе электронды түрде).

Ескерту: жеңілдіктерге құқығы бар талапкерлер (2 және 3 сұрақтарды қараңыз) келесі құжаттарды қосымша ұсынуға міндетті:

* ата-анасының немесе отбасы мүшелерінің бірінің мүгедектігі туралы куәлік;

* ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;

* өзінің туу туралы куәлігі және кіші інілерінің туу туралы куәліктері;

* жеңілдіктер беруді растайтын басқа да құжаттар.

5. Жатақханада орын беру кезінде қандай рәсім қарастырылған?

Жатақханадан орын беру негізі өтініш (ректордың атына белгіленген үлгіде) болып табылады.

Өтініш:

* университет сайтына немесе қабылдау комиссиясына беріледі

(өтініш электрондық түрде берілген жағдайда, барлық міндетті құжаттар сканерленген түрде қоса берілуі тиіс).

* өтініш берген барлық талапкерлерге бұйрықты университеттің ресми әлеуметтік беттеріне орналастыру арқылы комиссия қабылдаған шешім туралы хабардар етіледі.

* талапкерлер берген өтінішті қанағаттандыру туралы немесе бас тарту туралы хабарлама 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

* өтініштерін Комиссия мақұлдаған талапкерлер Жалдау шартына қол қояды.

* шартқа қол қойылғаннан және алғашқы төлем енгізілгеннен кейін (кемінде 1 ай тұру үшін) талапкер жатақханада тұру құқығына ие болады.

ENERGO UNIVERSITY