Сіздерді Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері мен магистранттарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тақырыптық жобалары бойынша к о н к у р с қ а қатысуға шақырамыз.


18.09.2020 Все объявления


Сіздерді Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері мен магистранттарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Есімдері ел есінде – біртуар тұлғалар» атты тақырыптық жобалары бойынша  к о н к у р с қ а қатысуға шақырамыз.           

І кезең: І курс студенттерінің жылда ұйымдастырылатын дәстүрлі «Он күндігі» аясында 2020 жылдың 24 қыркүйегі – 5 қазан аралығында өткізіліп, іс-шараға белсене қатынасқан жеңімпаздар анықталады.

ІІ кезең: барлық курстардың студенттері мен магистранттарының қатысуымен 2020 жылдың 7 - 12 желтоқсан айында конкурстың жалпы қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталады.

Конкурстың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру, болашақ инженер маманның туған жерге деген сүйіспеншілігін, туған Ел – қасиетті мекенге деген патриоттық сезімін ояту. Отанды сүюге, өз елінің тарихын білуге, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды пайымдау арқылы танымдық белсенділіктерін дамыту.

Конкурсқа ұсынылатын шығармалар - туған өлке, киелі жерлер, көне ескерткіштер мен тарихи жәдігерлер, өңіріңіздің тарихи тұлғалары мен бүгінгі заманымыздың батыр кейіпкерлері, еңбегі сіңген тұлғалары туралы т.б. жұмыстар (эссе, ғылыми жоба, презентация, видео түсірілім, өлең-жырлар т.б.) көпшілік қауымның қызығушылығын тудыратын көркем-ғылыми мазмұнда және практикалық маңызға ие болуы тиіс.

Материалдарды электронды рәсімдеу тәртібі: Шығарма көлемі: 4 беттен аспауы тиіс, А 4 форматта, мәтіндік редактор Microsoft Word, шрифт Times New Roman, жол арасындағы интервал - 1, кегл 12,  азат жол – 1,0 см.  Жиектері:  жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1,8 см, сол жағы – 2,5 см.

Мәтін атауы бас әріптермен жолдың орта тұсында жазылады, одан бір жол төмен оң жақ бұрышта автордың аты-жөні, одан бір жол төмен оқу орны, мамандығы, курсы, қаласы; әрі қарай ғылыми жетекшісінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы жазылады. Бір жолдан кейін мақала мәтіні теріледі. Дерек көзі төрт бұрышты жақшада мәтінде ретімен көрсетіледі, мәселен: [1, 15 б].  Деректер тізімі («Пайдаланылған деректер тізімі» деген атаумен) мақаланың соңында беріледі.

Презентациялар мен бейне жазбалар (роликтер) 15 минуттан аспауы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін жіберілген материалдар аяқталған, сапасы талапқа сай орындалуы және мұқият редакциялануы тиіс. 

Студенттердің үздік танылған шығармалар АЭжБУ-дің дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталады.

Біздің мекен жайымыз: 050013, Алматы қ., Байтұрсынұлы көшесі 126/1, «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Әлеуметтік пәндер кафедрасы, «Д» ғимараты, 108 кабинет.

Жұмыстарыңызды сабақ беруші оқытушыларыңызбен байланыстағы корпоративтік поштасына жіберулеріңіз керек.         

 Құрметпен, Әлеуметтік пәндер кафедрасының ұжымы

ENERGO UNIVERSITY