«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ 2020 жылдың 5-6 қарашысында «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамымен бірлесіп болашақ энергетиктер арасында физика-математикалық пәндер бойынша Республикалық олимпиаданы өткізеді.

05.10.2020 Все объявления

Өтетін орны:  Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қаласы.  Байтұрсынұлы көшесі, 126/1. Онлайн форматында өтккзіледі.

Шарттары (1-қосымшасы):

1. «Электр энергетикасы» және «Жылу энергетикасы» мамандықтарының 2-3 курс студенттер арасында келесі пәндер бойынша олимпиада: «Электр техникасының теориялық негіздері» және «Жылу техникасының теориялық негіздері» (әр пәннен  2 студент).

2. Бітіруші сынып оқушылары «Физика» және «Математика» пәндері арасындағы олимпиада.

Білім беру ұйымы Олимпиадаға қатысуға 2 білім алушыны жібереді (физикадан – 2, математикадан – 2).

31.10.2020 дейін үлгі бойынша өтінімдерді электронды түрде мына мекен-жайға жіберіңіз: Алматы қ. Байтұрсынов көшесі, 126/1, «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ, «А» ғимараты, 219 офис. Ғылым және коммерцияландыру департаменті. Электрондық пошта:   n.moldabekova@aues.kz. Тел.: 87477389778

Олимпиада туралы Ереже