Конрад Аденауэр атындағы қордың Sur-Place стипендиялық бағдарламасы!


10.12.2020 Все объявления


Осы бағдарламаның көмегімен Конрад Аденауэр атындағы қор оқуда өз қабілеттерін ашуға ғана емес, өз білімін, күші мен бастамасын өз елінің саяси және әлеуметтік өміріне қатысуға арнауға дайын дарынды жастарға қолдау көрсетеді. Sur-Place гранты 6 ай мерзімге берілетін ай сайынғы өтеусіз ақшалай төлемдерді ұсынады.

Конкурсқа кім қатыса алады?

Қазақстанның жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімдерде оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары – бакалавриат немесе магистратура студенттері Қордың стипендиаттары бола алады. Ерекшелік ретінде соңғы курста оқитын студенттерге стипендия тағайындалуы мүмкін. Құжаттарды тапсыру кезінде қатысушының жасы 30-дан аспауы тиіс. Конкурстық іріктеу кезінде еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысатын, белсенді өмірлік ұстанымы, кең ой-өрісі және мақсатқа ұмтылушылығы бар студенттерге басымдық беріледі. Шет тілін білу құпталады, бірақ міндетті емес.

Конкурстық іріктеу

Конрад Аденауэр атындағы қордың болашақ стипендианттары екі сатылы конкурстық іріктеуден өтеді: төменде көрсетілген тізім бойынша құжаттарды тапсыру және сұхбаттасу. 

Конкурсқа қайда және қалай қатысуға болады?

Конкурсқа қатысу үшін электронды түрде құжаттардың толық пакетін (төменде көрсетілген) келесі электрондық поштаға жіберу керек: sps-kaz@kas.de

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 31.12.2020 ж.

Әңгімелесуге баруға қатысты шығындар

Нұрсұлтан қаласында өтетін әңгімелесуге қатысу шығындарын Қор өз мойнына алады. Жол жүруге қатысушылар жауапты болады.

Толық тізімге келесі құжаттар кіреді (ағылшын немесе неміс тілдерінде):

1)    Кандидаттың толтырылған сауалнамасы фотосуретпен (сауалнама нұсқасын www.kas.de сайтынан жүктеп алуға болады);

2)    Түйіндеме;

3)    Мотивациялық хат (2 парақтан артық емес);

4)    Транскрипт (студенттің бағалары) (аударма міндетті емес);

5)    Оқу орнынан алған анықтама қағазы (аударма міндетті емес);

6)    Қосымшасы бар бакалавр дипломы (магистранттар үшін).

Қосымша ақпаратты www.kas.de/web/kasachstan сайтынан, сондай-ақ sps-kaz@kas.de электрондық поштасы арқылы немесе +7 7172 925 630 телефоны арқылы алуға болады.

Sur-Place стипендиясы (жалпы ақпарат)