Ай сайын 27 000 теңгеден берілетін студенттік шәкіртақыға конкурс жариялайды.Конкурсты Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры жариялады


25.01.2021 Все объявления


Ай сайын 27 000 теңгеден берілетін студенттік шәкіртақыға конкурс жариялайды.⠀

Конкурсты Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры жариялады.⠀

Гранттар саны — 17 ‼️⠀

Конкурсқа жасы 18-ден асқан, Қазақстан ЖОО-нда ⠀

жаратылыстану, техникалық, медициналық және ақпараттық технологиялар мамандықтары бойынша оқитын студенттер қатыса алады:⠀

бакалавриаттың 2–3-курсы⠀

магистратураның  1-курсы⠀

интернатураның  1-курсы⠀

Конкурсқа қатысу үшін:⠀

Қордың  yessenovfoundation. org сайтында көрсетілген онлайн-өтінішті толтыру керек; ⠀

Өтінішке мына құжаттарды қосып тапсыру керек:⠀

Жеке куәліктің сканерден өткізілген нұсқасы;⠀

Мына тақырыптарға жазылған үндеу (жазбаша түрде):⠀

«Қазақстан ғылымы үшін мен не істедім және істей аламын?»⠀ 

«Сіз үшін қайсы маңызды және неге?»⠀

Студенттің оқу үлгерімі жөніндегі транскрипт (GPA орташа балл 3,0-ден төмен болмау керек)⠀

‼️3,0-ден төмен балл көрсетілген өтініштер қарастырылмайды‼️⠀

Магистратура студенті жоғары білімі туралы диплом (бакалавр, мамандығы) көшірмесін ұсынуы керек.⠀

Қосымша құжаттар:⠀

Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2-ден аспау керек;⠀

Әлеуметтік белсенділік танытқаны және еріктілер тобына қатысқаны жөніндегі сертификат  – 3-ден аспау керек;⠀

Жарияланым – 2-ден аспау керек.⠀

‼️Қор сертификаттардың шектеулі санын ғана қарастырады.⠀ 

Өзіңіздің жетістіктеріңізді өте жақсы көрсететін сертификаттарды таңдап алыңыз.⠀

Өтініштер Қор сайтында 2021 жылы 25 қаңтардан 26 ақпанға дейін қабылданады (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-ге дейін).