Банк ВТБ (Қазақстан) халықаралық компанияның Ақпараттық технологиялар департаментінде мамандықтың қыр-сырын меңгергісі және еңбек жолын жасағысы келетін 3-4 курс студенттерін тағылымдамаға шақырады


03.02.2021 Все объявления


Банк ВТБ (Қазақстан) халықаралық компанияның Ақпараттық технологиялар департаментінде мамандықтың қыр-сырын меңгергісі және еңбек жолын жасағысы келетін 3-4 курс студенттерін тағылымдамаға шақырады.

Бағыты  Талаптар 
Банк өнімдерін автоматтандыру  SQL (PL/SQL немесе MSSQL) білімі
Интеграциялық қызметтерді дамыту  Java, Web & REST Services тілдерін білу, Tomcat немесе Glassfish қосымшалар серверлерімен, деректер базасымен жұмыс істеу тәжірибесі 
BPM-де бизнес-процестерді автоматтандыру  C# білімі, аналитикалық ойлау, SQL жақсырақ 
Есептілікті әзірлеу SQL (PL/SQL немесе MSSQL ) білімі
Талдаушы Бизнес-процестерді сипаттау және модельдеу туралы білім, SQL бастапқы білім деңгейі, аналитикалық ойлау, алынған ақпаратты құрылымдау мүмкіндігі 

Банк ВТБ (Қазақстан) – Халықаралық қаржы қызметтері нарығының көшбасшыларының бірі болып табылатын ВТБ халықаралық қаржы Тобының Еншілес банкі. Топтың құрамына Германия, Ұлыбритания, Кипр, Грузия және Анголадағы еншілес және қауымдастырылған банктер, сондай-ақ Қытай мен Үндістандағы ВТБ банкінің бір-бірден филиалы, ВТБ Капитал Сингапурдағы филиалы кіреді. ТМД елдерінде топ Армения, Беларусь, Қазақстан, Әзірбайжанда ұсынылған.

Банк Қазақстанның қаржы нарығында 11 жылдан астам табысты жұмыс істеп келеді және заңды тұлғалар үшін де, жеке тұлғалар үшін де қызметтердің кең спектрін ұсынады, бүгінгі күні Банк ВТБ (Қазақстан) еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар.

S&P халықаралық агенттігінің тәуелсіз бағалауына сәйкес Банк ВТБ (Қазақстан) қазақстандық банктер арасында ең жоғары кредиттік рейтингтердің біріне ие.

 

Егер сізді ұсыныс қызықтырса, түйіндемені VTB_CV@vtb-bank.kz электрондық поштаға «Стажер в ДИТ» белгісімен жіберіңіз.

ENERGO UNIVERSITY